Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/27/13, 22:38
Nurgul
salemetsizbe Akilbek Kajigululi.Men №7-wi jatakxanada turamin.Bizdin jatakxananin tungi komendanti oz lauazimin asira pydalanadi.bizdin jatakxananinin studenterinin ten jartisi onin isine konilderi tolmaydi.studentermen jumis jasay bilmeydi,studentter Saltanatka barip jagdayin tusindirse ol ewtemeni bilmimin deydi,sogan bir wara koldanilama soni bileyin degen edim
Құрметті Нұргүл! Қазіргі уақытта жатақханадағы студенттердің әлеуметтік жағдайы өте жақсы. Әр бөлмеде тоңазытқыш, ғаламтор желісі, қалашықта студенттік дүкен т.б. бар. Енді білімгерлер Жатақхананың ішкі тәртіп ережесін сақтап, әр мүлікке, жатақханадағы санитарлық жағдайдың сақталуына үлес қосу керек. Меніңше, түнгі администратор осы талаптардың сақталуын қадағалап, ескерту айтса ол орынды. Барлығың ақылдасып шешу керек. Болашақта студенттердің арасында сыйластық қарым-қатынас болады деп үміттенемін.
5/27/13, 19:08
аааааааа
cалеметсиз бе Акылбек Кажыгулулы. мен 7 жатакхана студентимин. озинизге белгили жатакханада биыл жондеу жургизилетинине байланысты бизге комнатаны осы аптага дейин жондеп откизу керек болатын. ал бизде баратын жеримиз жок. барар жеримиз болса акшамызды куртып жатакханада турып немиз бар. озиниз жатакхананын 5ши кабатын келип корсениз адам шошырлык. адам журетин жер жок. буреулери сабак окитын жерде.кейбиреулери телевизионкада тунеп жур. тем более сессия уакыты. ен курыганда сессия биткенше неге догара турмайды. биз сессияга дайындаламыз ба.алде ремонт жасаймыз ба. бизге баска томенги комнаталарга кошсин дейди. ал ондагылар бизге орын жок деп киргизбейди. сампода тунеп жургендер типти кешке бирак киреди.оган дейин килт болмай.коридорда отырады. осы жагдаймен проректорга барганымызда бизге мен томенги кабаттарга тусуге руксат бердим деди болды.калганы менин шаруам емес дейди. бул не деген сумдык. бул туралы ата-анамыз да билмейди. кейбир ата-аналар арыз жазбакшы. осы маселе бойынша бизге бир жагдай карастырсаныз. сизден 7жатакхананын жогаргы кабаттарын оз козинизбен келип коруинизди сураймын.
Құрметті студент! Биылғы оқу жылында №7 Студенттік жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан мүмкіндігінше студенттерді төменгі қабаттарға орналастырып жатырмыз. Бұл - уақытша орын алатын қолайсыздық. Меніңше, мәселеге әр студент түсіністікпен қарауы керек.
5/26/13, 20:36
Бейбіт
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!!!!! Ауыл шаруашылық ғылыми мекемеде жүмыс атқаратын ғылыми жас қызметкерлерге,магистратурага түсуге қалай комектесе аласыз????? РАХМЕТ!!!!
Сәлеметсізбе, Бейбіт! Сіздің сұрағыңызға жауап ретінде, университетте ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Магистратураға түсу туралы ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
5/24/13, 04:23
Даурен
Саламатсызба ректор мырза! Сизге кояр сурагым 1 семестр 2 паннен жаздык семестрге калып едим!соларды куздик сесестрге тапсырсам болама?
Құрметті Дәурен! Барлық академиялық қарыз пәндер жазғы семестр уақыты кезінде жабылуы қажет. Ал егер студент академиялық қарыз пәндерін жазғы семестр кезінде жауып үлгермеген жағдайда қайта оқуға қалдырылады.
5/20/13, 11:24
Багила
салеметсизбе Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза!!! менин сизге кояр сурагым: \\\"Егер студент окуды тастап кетер болса немесе оз еркимен документтерин алып окудан шыгатын болса 1 жыл бойы алган степендиясын студент каитарама,жок алде сол куйинше кайтармай кете береме?\\\" Назар аударганынызга коп рахмет!!! сау болыныз!!!
Құрметті Бағила! Студент оқудан шыққан жағдайда оқыған айларында алынған стипендияны қайтармайды.
5/19/13, 01:24
Рауан
Саламатсыз ба, Акылбек аға! Мен сізден сұрайын дедім. Осы жылы, яғни 2013-2014 ж. бағалау мамандығына граннттар бөлінеді ме? Жауап берсеңіз. Сау болыңыз!
Құрметті Рауан! Жылда мамандықтар бойынша бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының саны Білім және ғылым саласындағы құзырлы орган, яғни министрлікпен бекітіледі, ал университет еншісіне тиген гранттар саны конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. 2012 жылы аталған мамандық бойынша Қазақстан бойынша 20 грант бөлінді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru