Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/21/12, 12:20
онгарбайулы шокан
Саламатсызба? Мен актобедеги С.Баишев атындагы колледжде кукыктану мамандыгында 3курс окып жатырмын. Битиргесин сиздердеги Касиптик билим мамандыгына тапсырсам боладыма? Болса Грандка тапсыруга боладыма? Рахмет
Құрметті Шоқан! «Кәсіптік білім» мамандығына оқуға қабылдану үшін, талапкерлер міндетті түрде кешенді тестілеу тапсыру керек. Кешенді тестілеу келесі 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау бойынша пән, көрсетілген мамандықта таңдау пәні – физика. Кешенді тестілеуден кейін мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатыса аласыз. Тестілеуге құжаттарды қабылдау 20 маусымнан 9 шілдеге дейін, ал гранттар конкурсына өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
2/20/12, 19:43
GalymZhan
Курметти Ректор мырза. Мен Кызылорда облысында Шаган ауылында 10 сынып окимын, Аграрлык университетине агылшын пани бойынша оку бар ма? Бар болса канша балл мен тусе алам грантка? Рахмет.
Құрметті Ғалымжан! Университетте таңдау пәні ағылшын тілі болып табылатын мамандық жоқ екендігін хабарлаймыз. Мамандықтарымыздың тізімімен www.agun.kz ресми сайтымызда «Талапкер» бөлімінен таныса аласыз, мамандықтар таңдау пәндері көрсетіліп, келтірілген. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
2/20/12, 14:34
Перизат
Сјлеметсіз бе Аќылбек Ќажыєўлўлы! Мен экономикалыќ факультетініѕ бірінші курс студентімін. ЎБТ-де \"Алтын белгіге\" аз єана баллым жетпей ќалып грантќа ґте алмадым. Біраќ бірінші семестрді ылєи беске жаптым. Факультеттіѕ Жастар ісі жґніндегі комитетініѕ мїшесімін. Аєам да кїндізгі бґлімде аќылы оќиды. Јкемніѕ денсаулыќ жаєдайына байланысты жўмыс істемейді. Анам мўєалім. Сіздіѕ ректорлыќ гранттарыѕыз бґліне ме? Немесе басќа да ќандай кґмек кґрсете аласыз? Рахмет
Құрметті Перизат! Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 19-2/414 бұйрығына сәйкес университеттің таза табысынан бөлініп келген ректор гранты 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап тоқтатылған. Сол себепті университет тарапынан оқу ақысына жеңілдік беруге мүмкіндігіміз жоқ. Дегенмен, Сізге оқу ақысын төлеу қиынға түссе, оқитын факультеттің деканатына өзіңізге ыңғайлы төлем жүргізу кестесін беру туралы өтініш жазуыңызға болады.
2/19/12, 21:22
Нуржол
саламатсызба! менин билейн дегеним архитектура факультетинин оку соммасы канша болады екен жылына?
Құрметті Нұржол! Сәулет өнері факультетінің оқу ақысы 2011-2012 оқу жылында 373600 теңге. Ал келесі 2012-2013 оқу жылына осы сомманың көлемінде болуы мүмкін. Маусым, шілде айларында белгілі болады
2/18/12, 12:29
Ерлан
Саулығыңызды тілеймін ректор мырза! Менің қоятын сауалым, биыл мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің экономика мамандығын таңдап, магистратураға түсетін ойым бар. Грантты ұтып алу үшін қанша балл керек және биыл осы мамандыққа қанша грант берілді?
Құрметті Ерлан! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген және 2010 жылғы 9 шілдедегі № 365 және 2011 жылғы 30 мамырдағы шілдедегі № 365 бұйрықтармен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінің» 3 тарауының 13 тармағына сәйкес магистратураға оқуға түсуші азаматтар шет тілі (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады. Магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша үміткерлерді оқуға қабылдау осы емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру гранттарын жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. Үстіміздегі оқу жылында магистратураның «Экономика» мамандығы бойынша университетке мемлекеттік білім гранттары бөлінген жоқ. Қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. (www.agun.kz – PhD докторант және магистрант 2011).
2/17/12, 11:30
АУГАМБАЙ
саламјтсіз ба мен осы физика пјнін тандадым грантка канша ўпаймен тїсуге болады .Еѕ аз бал канша.
Құрметті Аугамбай! Мемлекеттік білім гранттарына ие болу үшін өтпелі балл мөлшері 2012 жылы өткізілетін конкурс нәтижесінде ғана анықталады, ал 2011 жылдың нәтижесі бойынша таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға өтпелі балл мөлшері 100-ден 83-98 балл аралығында болды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.