Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/13/13, 15:59
Байменов Абат
Саламатсыз ба ректор мырза?! Менин сурагым биыл \\\"Мал шаруашылыгынын онимдерин ондиру технологиясы\\\" мамандыгына орыс тили панисиз канша балмен тусуге болады?
Құрметті Абат! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. 2012 жылдағы конкурс бойынша 69 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/13/13, 14:59
нурсулу
Сәлеметсізбе мен 3 курс студентімін келесі жылы 4 курс техникалық факультетіне жатақхана берілема соны білгім келеді Рахмет
Құрметті Нұрсұлу! Бүгінде ЖОО-ы студенттерін 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Осындай проблемалық сұрақтар біздің университетте де орын алып отыр. Өздеріңе белгілі, қазір 592 орындық студенттік жатақхана салу қолға алынып, құрылыс жұмыстары басталды. Бірақ жатақхананың құрылысын аяқтау 2014 жылдың ІІ жарты жылдығына жоспарланып отыр. Осындай себептермен 2013-2014 оқу жылында 4-5 курс студенттерін жатақханаға орналастыруға мүмкіндік жоқ. Бұл мәселеге жоғарғы курс студенттері түсіністікпен қарау керек.
5/11/13, 22:18
Ерболат Бажiбаев
Ассалаумагалейкум ректор мырза.мен техникалык колледж бiтiремiн.колымдагы колледж дипломымен сiздердiн университеттерiнiзге 2 курстан тусе аламын ба?тандап журген мамандыгым инжинер технолог едi.егер болатын болса окудын жылдык акысы неше?отiнiш сауалым жауапсыз калмасыншы
Құрметті Ерболат! Колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Университетте инженер-технолог мамандығына түсу үшін колледж мамандығы сәйкес болуы тиіс. Сіз өз сұрағыңызда колледждің мамандығын көрсетпегендіктен университеттің қай мамандығына сәйкес келетіндігі жөнінде нақты мәлімет бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/11/13, 11:59
Nurbol
Salemesizbe rektor!!! Men KazNAU-di 2011 jili bitirdim mamandigim elektrenergetikasi sizderdin oku ordalarinizga biil magistraturaga 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» nemese 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» mamandigina tusuge daiindalip jurmin koiar suragim agilshin tilinen kandai sertifikat kajet,kanwa panderden airmawilik boladi,jane oku akisi kanwa???suragima tolik jauap beruinizdi suraimin magan ote kajet.Raxmet!!!
Құрметті Нұрбол! Пән айырмашылықтарына сәйкес бакалавриаттың 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығы бітірген түлектер 6М0718 – Электрэнергетикасы, 6М0719 – Радиотехника. электроника және телекоммуникациялар, 6М0806 – Аграрлық техника және технологиялар мамандығына түсе алады. Пән айырмашылықтары туралы ақпаратты университет сайтынан www.kazatu.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
5/10/13, 22:29
Абишева
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен сізге сұрақ қойған едім. /сіңілім \"жерге орналастыру\" мамандығының 1курс студенті,грант иегері, ол қысқы емтихан-сынықтарын дене шынықтырудан басқасын \"5\" деген бағаға тапсырып еді, бірақ сол дене шынықтыру пәні үшін \"повышенный\" стипенидия ала алмады/ Енді жазғы сессиядада осы жағдай қайталанғалы отыр, бір дене шынықтыру пәні үшін көмек бер алмас па екенсіз, сіңілім оқу озаты, ал денешынықтыру ағайы сондай бағаға сараң екен.
Сәлеметсізбе! 2011 жылғы МЖМББС-на сәйкес дене тәрбиесінен диференциалдық сынақ, сондықтан осы пәннің бағасы стипендияға әсер етеді.
5/9/13, 21:59
Aigerim Habidolda
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен ВжМШТ факультетінің 1 курс студентімін. Мен биыл №6 жатақханадан орын алдым, келесі жылы бөлме алуыма кепіл бар ма? Рахмет
Құрметті Айгерім! Жатақханада тұру ережесіне сәйкес, егер Сіздің тарапыңыздан тәртіп бұзушылық тіркелмесе, 2013-2014 оқу жылында жатақханадан орын алуға мүмкіндігіңіз бар.