Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/17/12, 07:18
Жулдыз
Сәлеметсізбе! Осы 2012 жылда менің КазАтуға тж келеді..... Сіздерде проходной балл неше? Ал грантқа қанша балл алу керек? Экономика факультетыне...Гранттар бар ма??? Төлемақысы қанша?
Құрметті Жұлдыз! Мемлекеттік білім гранттарына ие болу үшін өтпелі балл мөлшері 2012 жылы өткізілетін конкурс нәтижесінде ғана анықталады, ал 2011 жылдың нәтижесі бойынша экономикалық мамандықтарға «Алтын белгі» иегерлері ғана гранттарға өтті. Оқудың төлемақысы осы оқу жылына 374,5 мың теңге құрайды. Биылғы жылға ақылы түрдегі оқуға 100-ден 60 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
2/16/12, 18:40
Акжол
Saladatsizba rektor mirza! Men orman korlari zhane orman waruawiligi mamandigind okimin, menin bizdin bakalavr wetelde bilim ala aladi degendi estip edim.,.sol wetelde okuga kalai tusuge boladi? Zhane kai kursta? Zhauabinizga rahmet!
Құрметті Ақжол! Халықаралық бағдарламалар жөнінде ақпараттар алу үшін халықаралық байланыстар бөлімінде тіркелуіңіз керек. Тіркелген жағдайда тәжірибе, халықаралық бағдарламалар арқылы білім алу және академиялық ұтқырлық аясында студенттермен алмасуға қатысты ақпаратты oms_604@mail.ru немесе 31-77-19 телефоны арқылы біле аласыз.
2/14/12, 13:25
анара аксанбаева
Сјлеметсіздер ме! менин кояр сурагым учхоздагы корпуста сабакка кешиккендерди ветклиникага жибереди. сол дурыс па, бурыспа билмедим...
Құрметті Анар! Ветеринарлық клиника корпусында оқитын студенттердің мамандықтары мал шаруашылығына тікелей байланысты болғандаықтан кешігіп келген студенттерді клиникадағы малдарды азықтандыру, күтіп бағу жұмыстарына жіберу арқылы біліктіліктері мен тәжірибелік білімін деңгейін арттыру көзделген. Бұл мамандықтардың оқу жоспарына қайшы келмейді.
2/13/12, 14:10
Жанылсын
Салеметсізбе редактор мырза мен 10 сынып оқушысымын менің сурағым осы Универ-де Д/тарихы бойынша Және Әскери мамандық бойынша мамандық барма егер бар болса қанша балмен оқуға тусіуге болады және жатаққанасы өзінде барма?алдын-ала рахмет
Құрметті Жанылсын! Университет мамандықтарының ішінде таңдау пәні Дүниежүзі тарихы болып табылатын мамандық жоқ, сондай-ақ әскери мамандықтар бойынша дайындық жүргізілмейтіндігін хабарлаймыз. Мамандықтарымыздың тізімін ресми сайтымызда «Талапкер» бөлігінде қарай аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail. 711_12@inbox.ru
2/13/12, 12:28
Жансая Амренова
Салеметсіз ба,құрметті ректор мырза!!!Мен осы университеттің,техникалық факультеттің 2011ж түлегімін.Қоятын сұрағым-2012ж магистратураға қандай мамандықтарға грант бар және қанша?РАХМЕТ!
Құрметті Жансая! Магистратура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім гранттарын жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. 2012-2013 оқу жылына білім гранттары біздің университетке екі есе көбейеді . Магистратура бойынша қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz.
2/11/12, 12:31
Камалова Феруза
салематсызба! мен Орал қаласындағы университетте оқимын. 1 курстан кейін сіздің университеттің Ақпараттық жүйелер тобына ауыса аламба?
Құрметті Феруза! Сіздің оқу орнымыздың 5В070300-«Ақпараттық жүйелер» мамандығына қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында ауысуыңызға болады. Қосымша сұрақтар бойынша компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің деканатына хабарласуыңызға болады. Телефон: 38-40-02.