Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/6/13, 14:18
Бауыржан
Салеметсизбе ректор мырза.сизге кояр сурагым 1-семестр барлык сабагым А А- болды.2-семестрде Дене шыныктырудан 88 ягни В+ алып калдым.ол дене шыныктыру президенттик стпендия алатын кезде зияны барма.рахмет.
Құрметті Бауыржан! Президенттік стипендияға толық екі курсты үздік бағамен аяқтаған студенттер ғана үміткерлер болып табылады. Дене шынықтыру пәні жалпы білім беру пәндеріне жататындықтан, пәннің бағасы да есептелінеді.
5/3/13, 17:43
утеева фариза
Сәлеметсізбе!мен Басқару колледжінің қаржы мамандығы бойынша білім алып жатырмын,жақында тәмамдаймын сіздердің университеттеріңізге сырттай, эканомика мамандығына түскім келеді жылына қанша төлеу керек.Рахмет!
Құрметті Фариза! Колледж бітіріп, орта кәсіптік білімдері бар талапкерлердің университетке қысқартылған бағдарлама бойынша өздерінің сәйкес мамандықтарына күндізгі және сырттай оқу бөліміне оқуға түсуге мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігімен бекітілген жоғары білім мамандықтарына орта кәсіптік білім мамандықтарының сәйкестігін анықтайтын кесте бойынша Сіз аяқтаған «Қаржы» мамандығы университеттің «Қаржы» мамандығына сәйкес. Сырттай оқу бөлімінде оқу мерзімі – 3,5 жыл, ал жылдық төлем ақысы биылғы жылы 187,3 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018
5/1/13, 17:26
Асель
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Бизде 23.04 күні распорежениемен группанын сабағын алып тастады,яғни сабақ болған жоқ. Менім кураторым уйдегилерге телефон шалып ата-анамды мазалаған,мен сол күнгі сабақта болмады деп,және бұндай жағдай бірінші рет болып жатқан жоқ. Сізге қояр сұрағым,мен кураторыма заявление жаза алам ба? Және кайда жаза аламын?
Құрметті Әсел! Куратордың студенттердің сабаққа қатысуын қадағалауын қолдаймын. Менің ойымша, кейбір түсінбеушілікке бола реніш білдіру орынсыз. Куратор – студенттің ең жақын адамы, сырласы. Сондықтан бұдан әрі Сіздердің тіл табысып, бірлікте жұмыс істейтіндеріңізге сенімім мол.
4/28/13, 12:09
Сайдалы Шолпан Ерболатқызы
Сәлеметсіз бе! менің сұрағым:мен қазір мед.колледжде оқып жүрмін, 11 сыныптан кейін түстім.мен сіздің университетіңізге ауысқым келеді, мүмкін болса грантқа ,оған міндетті түрде ҰБТ тапсыру керек пе? осылай түсуге мүмкіндігім бар ма?
Құрметті Шолпан! Колледж түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Өкінішке орай, колледжде оқып жүріп, Сіз университетке ауыса алмайсыз, себебі колледжде кәсіптік және техникалық білім беру деңгейі қамтамасыз етіледі, ал университетте жоғары білім беру жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/24/13, 11:47
Илиас Кожаханов
Саламатсызба? Мен Костанай мемлекеттік Университеттін ветеринария медицина мамандығының 1 курс студентімін.Сізге кояр сұрағым келесі жылдан бастап сіздердін университеттерінізге ауыскан жағдайда гранттымнан айырылып каламба ?
Құрметті Ілияс! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «110» қаулысымен бекітілген білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасына сәйкес Сіз біздің университетке мемлекеттік білім грантын сақтай отыра ауысуға мүмкіндігіңіз бар екенін хабардар етемін. Байланыс телефондары: ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканаты – 8(7172) 383901.
4/23/13, 22:54
Аширбеков Нурбол
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Аширбеков Нурбол, Энергетикалық факультеттің \"Электроэнергетика\" мамандығының I курс студенті боламын. Сізге қояр сауалым: \"WORK AND TRAVEL USA 2013\" мәдени алмасу бағдарламасына қатысушы студенттерге жазғы сессия емтихандарын ертерек тапсыруға рұхсат етіле ме? Мүмкіндігіңіз болса тез арада жауап беруіңізді өтініп сұраймын! Рахмет!
Құрметті Нұрбол! Университет қатысуымен жүзеге асырылатын бағдарламалардан өзге бағдарламаларға қатысатын студенттерге сессияны ертерек жабуға рұқсат етілмейді.Work And Travel 2013 бағдарламасына университеттің қатысы жоқ.