Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/9/12, 23:55
Нуржан
Сәлеметсіз бе?Менің сізге қояр сұрағым:Мен КГУ - да 1 курста,Есеп ж/ә аудит кафедрасында оқимын.Сіздердің университеттеріңізге ауысатын болсам,мен оқып жатқан оқу орнындағы сабақтар мен сіздердікінің сабақтары сәйкес келмей жатса не істей алам?Бізде 1курста ағылшын болмады,ал сіздерде болады екен.Тағы да 4 сабақ сәйкес келмей тұр..Қалай ауысам?Әлде оған қарамайсыздар ма спец.сабақтар басталмағасын?Рахмет!
Құрметті Нұржан! «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережесіне» сәйкес бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысудың міндетті шарттары, бір академиялық кезеңнің оқу жұмыс жоспарының барлық талаптарының орындалуы қажет. Сонымен қатар, оқу жұмыс жоспарындағы айырмашылық міндетті компонет бойынша бес пәннен аспауы тиіс.
2/9/12, 16:28
Серік
Құрметті, аса қадірлі Күрішбаев А.Қ. мырза! Сізден сұранарым қысқы сессия кезінде бара алмаған жағдайда оны қайта тапсыруыма болады ма? Бара алмауым себебі қыс ауасы әке шешем үлкен кісілер еди сол кісілерге қарайтын адам жоқ еді. Төлемақы толығымен төленген.
Құрметті Серік! Сессия бойынша академиялық қарыздарды жаздық семестр кезінде ақылы түрде ғана жойылады. Анықтама телефондары: 31-75-22, 39-39-19 сырттай оқыту факультетінің деканаты.
2/8/12, 10:34
Ermek Gulbanu
Salemetsizbe rektor myrza!kazir 11 sinipta okimyn. Tandagan panim fizika . Kandai fakultetke tusuge bolady . Jane de kanwa balmen? Aldyn ala rahmet
Құрметті Гүлбану! Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні физика болып табылады: 1. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде - 5В012000 – «Кәсіптік білім», - 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер», - 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; 2. Энергетикалық факультет - 5В071700 – «Жылу энергетикасы», - 5В071800 – «Электр энергетикасы», - 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»; 3. Техникалық факультет - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», - 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», - 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», - 5В0090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Көрсетілген мамандықтарға 2011 жылы ҰБТ нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 82-100 балл аралығында жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail. 711_12@inbox.ru (студенттерді қабылдау бөлімі).
2/7/12, 15:55
Асем Кабдулмажитова
Салеметсиз бе құрметті ректор мырза! мен академиялық мобильді студент бойынша Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да оқып жатырмын.құжаттарым толық дайын емес.сол себепті мені әлі базаға енгізген жоқ.студенттер қатарына да қабылдамады.себебі біздің ҚазАТУ келісім-шартқа қол қоймады.не істесем болады? мен осы жақта оқып жатырмын, ал бізде жоқ деп белгілеп жатқан жоқ па??? кеиін мен отчислениеге кетіп қалмаймын ба? осы сұрақ қатты мазалайды? және де ме жаздық практиканы қайда өтемін? СҚМУ-де ме немесе ҚазАТУ-да ма? рахмет!
Құрметті Асем! Сіз академиялық ұтқырлық шеңберінде басқа жоғарғы оқу орнына пәндерді оқу мақсатымен барған, біздің С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ң студенті болып табыласыз. Сол себепті Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ сізді өз студенттер қатарына қоса алмайды, сіз тек бір семестр сол университетте арнайы келімісөшрт негізінде білім алудасыз. Ал академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алу үшжақты келісім-шарты әзірге қол қойылу сатысында. Туындаған сұрақтарыңыз бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ң академиялық ұтқырлық жобасының координаторы В.А.Сысоев мырзамен хабарласуыңызға болады. Тел.: 8 (7152) 49-22-04
2/7/12, 08:04
Марал
Салематсызба! Мен 11сыныпта окимын. Тандау панiм химия. Кандай мамандыктар бар сиздерде?
Құрметті Марал! Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні химия болып табылады: 1. Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде - 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 2. Техникалық факультетте - 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
2/5/12, 20:26
Aidos
Kurmetti A.K.Kuriwbaev mirza men 1 kurs studenti, osi semestrdi GPA-4.00men bitirdim, magan stipendiya berile me, men grant yegeri bolmasamda? Jane osi jili RET manamdigina kanwa grant bolindy??? Rahmet
Құрметті Айдос! Ақылы негізде оқитын студенттерге стипендия берілмейді. 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан босаған мемлекеттік білім беру грантына 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының 1 курсына 1 орынға ашық конкурс жарияланған. Аталған мамандық бойынша конкурсқа қатысуға өтініш білдірген ақылы негізінде оқитын студенттердің құжаттары тапсырылды. Конкурстың нәтижесі наурыз айында белгілі болады.