Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/22/13, 18:05
Динара
Саламатсыз ба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы. Мен Сакенова Динара экономика факультетінің 2 курс студентімін. Менің қояр сауалым, былайша айтқанда өтінішім: біздің \\\"2а\\\" жатақханасына студенттер тұратын этажда жақында wi-fi интернет желісі қойылған болатын. Ол үшін әрине рахмет. Бірақ та ол интернет желісі жылдамдығы ақырын, және де этажымыздың барлық бөлмелеріне тең жетпейді. Енді сізден өтініп сұрайтынымыз осы wi-fi интернет желісін дұрыстап тексеріп, қондырып берсеңіз. Рахмет!
Құрметті Динара! 2а жатақханасының үшінші қабатында орнатылған интернетке сымсыз қолжеткізу желісі штаттық тәртіпте жұмыс істейді. Статистикалық мәліметтер талдауы аталған желінің белсенді түрде жұмыс істеп тұрғанын көрсетіп тұр. Интернет жылдамдығы шектеусіз және қосылған пайдаланушылар санына қатысты болып келеді. Осы жылы интернетке сымсыз қолжеткізудің жаңа жүйесін сатып алу жоспарланған. Оларды жатақханада орнату аймақ кеңістігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді.
4/22/13, 13:52
Жамиев Еркебұлан
Сәлеметсіз бе , Ақылбек Қажығұлұлы ? Мен тех. факультеттің 1 курс студентімін . Мен университетіміздің іс шараларына ат салысып қатысып жүрмін . Қазіргі уақытта мен университеттің \\\\\\\"Аграка\\\\\\\" КТК командасының құрамында ойнаймын . Университетіміздің атағын көтеріп теледидарлык түсірілімге түсіп , Республикалық Премьер Лигада ойнап жүрміз. Осының себебінен сабақтарым нашарлады . Біраз қалдым сабақтан. Бірақ әр қалған күніме деканаттан және ректораттан өкім бар. кейбір мұғалімдер бұл жағдайға түсінушілікпен қарамай, маған жазғы семестрге қаласың деп жатыр. Сізден ақыл сұрайын деп едім, не істесем болады ?
Құрметті Еркебұлан! Қазіргі уақытта университетіміздің іс-шараларына ат салысып жүрген барлық студенттерге, себепті жағдаймен сабақтарды босатып алған күндері үшін деканат тарапынан қайта тапсыруға бұйрық не болмаса өкім жасалынады. Студент өткізіп алған күндері үшін оқытушылардан қосымша сабақтар алып, белгіленген мерзімде тапсырмаларды өткізу қажет. Ал тапсырманы уақытында орындамаған жағдайларда, жазғы семестрге қалдырылады.
4/20/13, 23:01
раушан
Сәлеметсізба? Алдағы мамыр айындагы мерекелерге байланысты қай күндері демаламыз соны білуге болама? Рахмет!
Құрметті Раушан! Мамыр айындағы мерекелерге байланысты университет бойынша демалыс күндері: мамырдың 1, 7, 8, 9, 10, 11, 12. Ал 10 мамыр жұма күнгі сабақтар мамырдың 4-не сенбі күнге ауыстырылды, 8 мамыр сәрсенбі күнгі сабақтар мамырдың 5-не жексенбіге ауыстырылды, сондықтан мамырдың 4 мен 5 күндері жұмыс күндері болып есептеледі.
4/18/13, 21:50
Байганина Багила
Курметти Акылбек Кажыгулулы салеметсизбе! менин сизге койар сурагым... казАТУ тусу ушин канша балл жинауым кажет,кандай мамандыктар бар, женилдиктер карастырылганба, жатахана барма.
Құрметті Багила! Жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу неәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады. Сонымен қатар математика пәнінен 7 баллдан, ал қалған пәндер бойынша 4 баллдан төмен болмауы тиіс. Университет ауыл шаруашылығы, техника, сәулет өнері ветеринария және басқа да саладағы 37 бакалавриат, 24 магистратура және 6 PhD докторантура мамандықтары бойынша қабылдауды жүргізеді (тізім ресми сатймыздың «Талапкер» бөлімінде келтірілген). Оқу үрдісін заманауи деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 10 оқу ғимараты, ветеринарлық клиника, 1 млн. астам кітап қоры бар кітапхана, баспахана, оқу-сауықтыру кешені, ақпараттық кампустік жүйеге біріктірілген 7 студенттік жатақхана, студенттік емхана мен дәріхана бар. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/18/13, 20:51
Болатова Мақпал
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлулы. Мен осы университеттің Техникалық факультетінде 1-курс оқып жатырмын, Аграрлық техника және технология мамандығын (АТТ), бұл мамандықтың қазіргі таңда сұраныста екенін білемін, сол үшінде сабақтарыма жақсы көңіл бөлемін. Менің қойар сұрағым осы мамандықты бітіріп магистратураны басқа мамандықта оқи аламынба мысалы Стандарттау, сертификаттау және метрологияны (СМС)? Мұғалімдерімнен сұрастырғанымда екі түрлі жауап алдым, сізден дұрысын білсем деп едім. Алдын ала рахметімді білдіремін!
Құрметті Мақпал! Сіздің «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша бакалавриатты аяқтаған соң «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша магистратураға түсу жөніндегі сұрақтарыңызғакелесідей жауап береміз:дайындықтың алғашқы деңгейлі білім беру бағдарламасы профилі бойынша жақын болып келетін магистратура мамандығына түсу үшін келесідей пререквизиттарды тапсыру қажет («стандарттау пәні» - 2 кредит және «сертификаттау» - 2 кредит). Осы мәселе бойынша барлық ақпараттарды университет сайтының «магистратура» рубрикасынан таба аласыз. Бұл жерден«Магистратураның сәйкесті мамандықтарына түсушілерге арналған пререквизиттер тізімі», сондай-ақ магистратураға түсушілерге мамандық бойынша оқуға түсу емтихандары сияқты сұрақтарға жауап алуға болады. Магистратураға түсуге қатысты Сізді толғандыратын барлық сұрақтар бойынша оқу орнының қабылдау комиссиясына хабарласыңыз (бас ғимарат, 530 кабинет, байланыс телефон: 31-75-56).
4/17/13, 17:44
Шүйіншалин Әділхан Дулатұлы
Ассалаумағалейкум Ректор мырза! Мен энергетикалық факультеттің 1 курс студентімін, 2 курсты мобильділік арқылы шет елде оқу үшін, кімге қандай документ тапсыруым қажет???
Құрметті Әділхан! Сіз 2013/2014 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1 семестр бойы шет елде білім ала аласыз. Бұл бағдарлама арқылы оқу үшін келесі талаптар қойылады: GPA 3.33 жоғары, шет тілін білу деңгейі жоғары немесе сертификат болуы қажет. Ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін деканатқа барып жазылуыңыз керек. Толық ақпаратты Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлімінен (Бас ғимарат, 611 каб) ала аласыз.