Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/4/12, 21:05
Әлпеш
Сәлеметсізбе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! мен 11 сынып оқушысымын. мен \"дизайнер\" кафедрасына түскім келеді) қандай документтір жинау қажет? грантқа қанша балл алу керек? оқуға өту баллы қанша? дизайнер кафедрасына жылына қанша төлеу қажет?
Құрметті Әлпеш! «Дизайн» мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер ҰБТ-дан кейін шағармашылық емтихандар тапсырады. Шығармашылық емтихандарға өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2 шілдеден 7 шілдеге дейін жүргізіледі. Қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi, тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Оқуға өту баллы мөлшері «жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесімен» бекітіледі, биылғы жылға әлі бекітілген жоқ. Көрсетілген мамандықтың төлемақысы 2011-2012 оқу жылына 373,6 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылдау бөлімі).
2/3/12, 11:54
Медет
Салеметсіз бе? Менім сұрайын дегенім мен 2012 жылы менеджмент мамандығы бойынша оқу ақысын білгім келеді. Менеджмент мамандығына грантқа түсу мүмкіндігі болама егер 100 балл алатын болсам? алдын ала рахмет
Құрметті Медет! 2012-2013 оқу жылына «Менеджмент» мамандығы бойынша оқу ақысы республикалық грант ақысы белгіленген соң анықталады. 2011-2012 оқу жылына С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша 1 курстың оқу ақысы 374500 тг құрады және ол жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Осы мамандық бойынша грантқа 100 балмен түсу мүмкіндігі туралы ештене айталмаймыз. 2011-2012 оқу жылында «Менеджмент» мамандығы бойынша республикалық грантын «Алтын белгі» иелері жеңіп алған.
2/2/12, 18:14
Тұрманов Ерхан Боранбайұлы
Сәлеметсізбе құрметті мырза. Мен, Тұрманов Ерхан ветеринарлық факультетінің 3 - курс студентімін. Сізден осы өтінішім бойынша сұрарым, маған №6 жатаханадан 1 орын беруінізді сұраймын, менің күнделікті сабақтарым қала сырты учхозда болуда. Қазіргі уақытта қалада пәтер жалдап тұрудамын. Пәтер ақысын төлеу қиынға соғып тұр.Семяда көп балалымыз, анам жалғыз жұмыс істейді. Осылай пәтер жалдап тұрып жатқаныма 2 жылдан асты. Сізден осы өтініп сұрарым, осы өтінішім бойынша қол ұшынызды берсеніз.Рахмет сизге!!!
Құрметті Ерхан! Университеттегі жатақханаға орналастыру және шығару ережесі бойынша тұрғын орын комиссиясына өтініш жазыңыз және отбасылық анықтамаларыңыздың барлық көшірмесін толықтай тәрбие ісі жөніндегі департаментке (№ 614 бөлме) тапсырыңыз. Тұрғын орын комиссиясы Сіздің өтінішіңізді толықтай қарастырады.
2/1/12, 19:24
Gulshat Bolatkyzy
Salemetsizbe rektor myrza, sizge koyar suragym.men 2012 jildyn tulegimin tandagan panim biologiya.2011 jili biologoya pani boiynwa kai mamandyktarga grant bolindi jane de kalwa balmen otti .raxmet
Құрметті Гүлшат! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні биология болып табылады: 5В060800 - «Экология», 5В070100 – «Биотехнология», 5В080100 - «Агрономия», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 5В120100 – «Ветеринарлық медицина» және 5В120200 – «Ветеринарлық санитария». Аталған мамандықтарымызға 2011 жылғы мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсы нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан төмендегідей балл жинаған талапкерлер грант иегерлері атанды: қазақ топтарына жалпы конкурс бойынша 82-95 балл, ауылдық квота щеңберінде 81-92 балл, орыс топтарына жалпы конкурс бойынша 69-90 балл, ауылдық квота щеңберінде 67-86 балл. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылдау бөлімі).
1/31/12, 09:09
Шарипбаева Гульшат
Құрметтi А.Қ.Күрiшбаев мырза!Мен 2012 жылдын түлегiмiн.Тандау бойынша пәнiм биология,сiздердiн университеттерiнiзде осы пән бойынша кандай мамандыктар бар.Жәнеде ауыл квотасы бойынша 2011 жылы казак болiмiне кандай баллдармен грантка оттi.Рахмет!
Құрметті Гульшат! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні биология болып табылады: 5В060800 - «Экология», 5В070100 – «Биотехнология», 5В080100 - «Агрономия», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 5В120100 – «Ветеринарлық медицина» және 5В120200 – «Ветеринарлық санитария». Аталған мамандықтарымызға 2011 жылғы мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсы нәтижесінде қазақ бөліміне ауылдық квота щеңберінде мүмкін болатын 100 баллдан 81-92 балл жинаған талапкерлер гранттарға ие болды. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылдау бөлімі).
1/30/12, 19:54
Саматқызы Айсана
Салеметсіз бе?ҰБТ-да география пәнін таңдап,география пәнінің мұғалім мамандығы бойынша грант қай қаладағы университетте көп бөлінген немесе архитектурный университетте осы пәнді таңдай отырып грантта оқи аламын ба?Мектепті \"Үздік аттестатпен\" аяқтағалы отырмын.
Құрметті Айсана! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. Университет география пәнінің мұғалімдерін дайындамайды, бұл мамандық педагогикалық жоғары оқу орындарында бар. Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні география болып табылады: 5В050600 – «Экономика», 5В050700 – «Менеджмент», 5В050600 – «Есеп және аудит», 5В050900 – «Қаржы», 5В051100 – «Маркетинг», 5В071100 – «Геодезия және картография», 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», 5В090300 – «Жерге орналастыру», 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис», 5В090700 – «Кадастр» және 5В090800 – «Бағалау». Мемлекет тарапынан қанша білім гранттары жыл сайын бөлінетіндігі жөнінде мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылдау бөлімі).