Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/15/13, 19:39
Шілтер Жанбакыт!
Ассалаумагалейкум, Акылбек Кажыгұлұлы! Мен агрономиялық факультеттің 2-курс студенті боламын! Үздік ректор атағына ие болғаныңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің аянбай еңбек етуіңіздің арқасында университетіміз көркейіп, бұрынғыдан да танымал болып келе жатыр! Біз сізге рахмет айтамыз! Осындай университетте оқығаныма қуаныштымын! Еңбегіңіз жана берсін! КазАТУ биіктен көріне берсін!
Құрметті Шілтер! Өзіңе де оқуда үлкен табыстар тілеймін. Оқу орнымыздағы игі жаңалықтар – жастардың болашағы үшін жасалып жатқан қадамдар. Осындай білім ордасында тәрбиеленген студенттердің осал болуы мүмкін емес. Сондықтан болашақта еліміздің, өз университетіміздің мақтанышы болатын білікті маман атануыңа тілектеспін.
4/14/13, 18:17
Фатима Бахтияркызы 11-сынып
Салеметсизбе! Биыл КазАТУ-не агрономия жане биотехнология мамандыктары бойынша канша грант болинип отыр жане канша баллмен тусуге болады?
Құрметті Фатима! Аталған мамандықтар бойынша биылғы жылы қанша грант бөлінгендігі туралы мәліметті нақты бере алмаймыз, себебі ҚР БҒМ тарапынан жоғары білімді мамандарды даярлауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс мөлшері бекітілген жоқ. 2012 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Агрономия» мамандығына 430 грант, ал «Биотехнология» мамандығына 225 грант бөлінген еді. Ал конкурс нәтижесінде тестілеу бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 75-96 балл жинаған талапкерлер грант бойынша оқуға қабылданды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/13/13, 02:56
Махкамов Женис
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!Мен 2 б жатақханасының тұрғынымын,міне студенттерге арнап әлеуметтік дүкен мен поликлиника ашқаныңыз үшін сізге мыңда бір алғысымды білдіргім келеді. 12.04.2013ж өткен Наурыз мейрамы өте керемет өтті.Ұмытылған асық ойыны бізді әбден қызықтырды.Ол ойында ерекше көзге түскен мені таң қалдырған 2 б жатақханасының түнгі администраторы Қасымбек Ақерке.Біздің бетке тұтар қыздарымыздың бірі.Осы орайды пайдаланып Ақеркеге алғысымды білдіргім келеді.Біздің жатақханада вахтаға жауакершілікте-Ақерке.Студенттердің тәртібіне жауап беретін ол да Ақерке.Ешбір жиналысты қалдырмайтын,парламенттің мүшесі,2 б жатақханасы десе ішкен асын жерге қоятын,таңға дейін көз ілмей жатақхананың тәртібін қадағалайтын, жауапкершілігі мол,барлығына әділдікпен қарайтын ол да біздің Ақерке. Осы жұмыстары үшін Ақеркені неге марапаттамасқа??? Рахмет!
Құрметті Жеңіс! ҚазАТУ студенттерінің жоғары азаматтық көзқарасы мен белсенділігінің арқасында ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы мәдени-тәрбиелік іс-шаралардың әлі де өз жалғасын табатынына сенімім мол. Бұл бағытта студент-жастардың еліміздің, оқу орнымыздың нағыз патриоттары ретіндегі бастамалары аға буын өкілдерін, яғни біздерді, ерекше қуантады. Ал, Қасымбек Ақеркенің өз жұмысына тиянақты студент екенін білемін. Жыл қорытындысын шығарғанда, өз кезегінде марапаттау да болар. Бірақ патриоттар марапаттауды күтіп отырмайды. Сендердің берген бағаларыңның өзі Ақеркені одан әрі қанаттандыратыны анық. Ақеркенің үлгілі қадамына сәттілік тілеймін! Ал, өзіңе үлкен рахмет!
4/11/13, 21:17
Айдана Кенжегалиева
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев!Менің сұрагым келгені 2013 жылғы түсетін студенттер дизайнер мамандығы бойынша қандай экзамен және кай күні және қандай құжаттар керек екенін білгім келеді.Сол туралы толығырақ айтсаңыз.
Құрметті Айдана! «Дизайн» мамандығы бойынша оқуға түсетін талапкерлер міндетті түрде шығармашылық емтихандар тапсырады: «Сурет» және «Композиция». Құжаттар 20-ші маусымнан 1-ші шілдеге дейін қабылданады, ал шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында өтеді. Құжаттар тізімі: аттестат, медициналық анықтама, 8 фотосурет, жеке куәлік, ҰБТ сертификаты. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/11/13, 13:42
Қажыкен Дина
егер де бір пәннен 2 деген баға алынса онда мүлдем атестат берілмейтіні распа?
Құрметті Дина! Физика пәнімен университетімізде көптеген мамандықтар бар, олар техникалық, энергетикалық және компьютерлік жүйелер мен кәсіптік білім беру факультеттерінінң мамандықтары. Мамандықтар тізімімен сайтымыздың «Талапкер» бөлігінде таныса аласыз, ол жерде таңдау пәндері де көрсетілген. Барлық мамандықтарда қыздар қауымы жемісті түрде оқуда, сондай-ақ оқуды аяқтағаннан соң еңбек нарығында да үлкен сұранысқа ие, себебі еліміздің инновациялық даму үрдісінде техникалық білімі бар мамандар өте қажет. 2012 жылы өткізілген мемлекеттік білім гранттары конкурсы нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 66-100 балл жинаған талапкерлер ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/11/13, 13:39
Кажыкен Дина
Cәлеметсіз бе?Физика пәні бойынша қыздарға қандай мамандықтар бар?ЖООна қанша балмен грантқа түсуге болады?