Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/18/12, 23:26
Тулебаева Маржан
Салеметсізбе Ақылбек Қажығүлұлы Күрішбаев! Мен КСиПО факультетінің 2 курс 201 топтың студенттімін. Мамандығым ПО. Мен 1 семестрге басқа шет елге барып оқысам деп ойлаймын, сол мүмкінбе?
Құрметті Маржан! Әрине мүмкіншілігіңіз бар. Біздің университеттегі Халықаралық ынтымақтастық және көптілді оқыту орталығы халықаралық бағдарламалармен жұмыс жасайды. Дүйсенбі мен жұма күндері аралықта 3 қабаттағы (ректорат) 611 кабинетке келіп, консультация алуыңызға болады.
10/17/12, 23:27
Айымгуль
Салеметсізбе! грантқа түсу үшін архитектор мамандығына 95 - 97 ұпай ол орыс тілімен бірге мен әлде бөлек пе? Сіздің колледжеріңізге 10 сыныптан кейін немесе осы 10 сыныптың 2 тоқсанынан, яғни 1 сееместрден кейін түсуге бола ма?Колледжеріңізде архитектор маманына оқытытлатын факультет бар ма? Немесе архитектормен байланысқан мамандық бар ма? Содан мысалға сіздің колледждеріңізді бітіріп, осы университетке түсу үшін не істеу керек? Және колледждеріңізді бітіріп, университетіңіздің 3 курсына автоматты түрде аударасыз ба? Жауаптарыңызды күтемін
Құрметті Айымгуль! Грантқа өтпелі балл деңгейі мүмкін болатын 100 балл есебінен көрсетілген. «Сәулет» мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер шығармашылық емтихандар: «Сурет» және «Композиция» тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінен екі пән: «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» есепке алынады. Колледжімізде архитектор, немесе осы мамандықпен байланысты мамандықтар жоқ, сондай-ақ 2012 жылдан бастап колледжімізге студенттерді қабылдаутоқтатылды. Егер де Сіз колледж тәмәмдаған болсаныз, міндетті түрде кешенді тестілеуден өтуіңіз керек. Орта техникалық және кәсіптік білімі бар, яғни колледж бітірген талапкерлер қысқартылған бағдарлама бойынша, мамандығы сәйкес келген жағдайда, күндізгі және сырттай оқуға қабылданады. Оқу мерзімі: күндізгі бөлімде - 3 жыл, сырттай оқу бөлімінде – 3,5 жыл. Қосымша сұрақтармен мына телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
10/16/12, 21:20
гулзат
СӘЛЕМЕТСІЗБЕ!Мен биыл бітірдім, бірақ ҰБТ тапсырмадым, мектепшілік тест тапсырдым, биыл оқуга тапсырмадым, ендігі жылы сіздердің университетке кешенді тест тапсырып оқуға түсуге мумкіндігім барма? ӨТІНЕМ СҰРАҒЫМ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАСА ЕКЕН, РАХМЕТ
Құрметті Гүлзат! Ағымдағы жылда Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмай қалған немесе өтпей қалған азаматтар, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген жағдайда, келесі жылы талапкерлердің кешенді тестілеуіне қатысуға құқылы. Кешенді тестілеу келесі төрт пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты). Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
10/16/12, 14:55
Исрайлов Бексултан
Менин окуыма жиберген каражаттымды урлатып алума байланысты оку акысын болип толеуиме руксат беруинизды сураймын,
Құрметті Бексұлтан! Сіздің мәселеңіз бойынша өзіңіз оқитын факультет деканатымен байланысуыңызды сұраймын.
10/15/12, 19:16
Маржан Тулебаева
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлүлы Күрішбеав! Менің бір сұрағым бар еді. Мен президенттік степендия туралы білгім келеді. Менде 1курста 4 деген баға болды.Бірак мен ғылыми жұмыспен айналысып,КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА қатыссам, активный болсам, 2курстан бастап бағамның бәрі 5 болса мен президенттік степендияға іліне аламба? Осыны білгім келеді.
Құрметті Маржан! Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясын тағайындау туралы Ережесінің 5 тармағына сәйкес Президенттік стипендия мемлекеттік білім гранты және ақылы келісім-шарт негізінде оқитын барлық оқу кезеңінде тек «үздік» (А, А-) бағалары бар жоғары курс (3-4 курс) студенттеріне тағайындалатынын хабарлаймыз.
10/14/12, 19:41
Иманбаев Куаныш
саламатсыздарма менің қарындасым физика пәнін таңдап еді сіздердің университеттеріңізге қанша балмен грантқа түсе алады. Физика пәні бойынша қандай маманықтар тізімін көрсете аласыздар
Құрметті Қуаныш! Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні физика болып табылады: 1. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде - 5В012000 – «Кәсіптік білім», - 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер», - 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; 2. Энергетикалық факультет - 5В071700 – «Жылу энергетикасы», - 5В071800 – «Электр энергетикасы», - 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»; 3. Техникалық факультет - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», - 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», - 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», - 5В0090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Көрсетілген мамандықтарға 2012 жылы ҰБТ нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 82-100 балл аралығында жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail. 711_12@inbox.ru (студенттерді қабылдау бөлімі).