Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
11/19/13, 23:32
Шауғабаева Арайлым Шауғабайқызы
Сәлеметсіз бе! КСиПО факультетінде оқимын! Сізге қояр сұрағым емтихан кестелері қашан шығады? Жаңа жылға дейін бітеді ме?
Құрметті Арайлым ! 2013-2014 оқу жылының академиялық күнтізбесіне сәйкес университетте қысқы емтихан сессиясы 16.12.2013- 04.01.2014 жж.аралығында өткізіледі. Мүмкіндігінше емтихандарды 31 желтоқсанға дейін өткізу жоспарланған.
11/19/13, 00:00
Хакім Гүлім
Саламатсызба? мен аграномия факултетінің Iкурс студентімін қояр сұрағым президенттік степендиат үміткері болу үшін қандай талаптар орындау керек және нешінші курстан бастап береді. сұрағым жауапсыз қалмаса екен. алдын ала рақмет
Құрметті Гүлім! Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясын тағайындау туралы Ережесінің 5 тармағына сәйкес Президенттік стипендия мемлекеттік білім беру гранты және ақылы келісім-шарт негізінде оқитын барлық оқу кезеңінде тек «үздік» (А, А-) бағалары бар жоғары курс (3-4 курс) студенттеріне тағайындалатынын хабарлаймыз.
11/15/13, 23:26
Хабидолда Айгерім
Сәлеметсіз бе! Қояр сұрағым электронды кітапханаға қашан кіруге болады?
Құрметті Айгерім! Университет оқытушыларының зияткерлік меншігінің авторлық құқықтарын сақтау қажеттілігіне байланысты Электронды кітапхана қорларына ВжМШТ корпусында ғана кіруге болады. (Интернациональный к., учхоз). Пәндер бойынша дәрістердің электронды курсын «Платонус» ААЖ қарауға болады.
11/13/13, 09:04
Жикенова Дария Аманкелдыевна
Саламатсыз ба! Мен 2009ж Алматыдагы Абай ат. Казак улттык педагогикалык университетинин \\\\\\\"БЕЙНЕЛЕУ онери жане сызу\\\\\\\" мамандыгы бойынша магистратураны тамамдадым.Содан бери жеке компанияларда дизайнер кызметин аткардым.Сизден отинип сурайтыным,ДИЗАЙН кафедрасында орын болса ,мени жумыска алуынызды сураймын.Рахмет
Құрметті Дария! Бізде «Сәулеттік дизайн» мамандығы бойынша мамандар даярлайтындықтан дәл қазіргі уақытта дизайн кафедрасына бейнелеу өнері және сызу мамандығының магистріне қажеттілік жоқ.
10/30/13, 20:52
Бибінұр Әнуарбек
Cәлеметсіз бе! Мен университеттің 1 курс студентімін,(техникалық факультет) сізге қояр сұрағым Жаңа жылда алыс жерде тұратын студенттер уйіне барып келе алады ма?? қысқы емтихан 3.01.2014 күні бітетін болса...
Құрметті Әнуарбек! Бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес қысқы емтихан сессиясы 16.12.2013ж.- 03.01.2014 ж. аралығында өтеді, ал қысқы емтихан демалысы 06.01.2014 ж.- 17.01.2014 ж. дейін болады. Екінші семестр 20.01.2014ж.басталады.
10/28/13, 17:58
Айгерим Шинтаева
Сәлеметсіз бе?Мен университеттің бірінші курс студентімін және ақылы түрде оқимын,сізге қояр сұрағым оқу ақысының 50 пайызын құжаттар тапсыру барысында төледім,ал қалған 50 пайызды осы жылдың желтоқсан айының 5іне дейін төлеу керек деп айтты,бірақ мен білмедім,ал егер мен төлей алмай қалған жағдайда не болады?
Сәлеметсіз бе Әйгерім! Шығындардың толық қайтарымымен бакалаврды мақсатты дайындау келісім-шарттың 2.3.5 тармағына сәйкес қалған 50%оқу ақысын қысқы емтихан сессиясы басталғанға дейін төлеу керек. Кысқы емтихан сессиясы академиялық күнтізбеге сәйкес 2013жылдың 16 желтоқсанында басталады, осы мерзімге дейін төлем жасамаған студент сессияға жіберілмейді.