Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/1/14, 21:54
Андабаева Гульназ Айтказыевна
Саламатсызба,мен 050120 касиптик билим беру мамандыгын сырттай 2008 жылы битирдим,бирак мамандыгым бойынша жумыс истемедим.Казир мамандыгым бойынша кай жерде ким болып жумыс истей аламын соны айтып бере аласызба?
Құрметті Гүлназ! Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (ҚР МЖББС 3.07.273-2002) 050120 – Кәсіптік білім мамандығы бойынша бакалавриат мамандығын бітіруші кәсіптік оқыту ұстазы, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімі, орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде кешенді жұмысшы кәсіптерінен жалпытехникалық пәндердің арнайы технологиясы оқытушысы, орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесінде олардың ведомостволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан өндірістік оқыту шебері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасының” біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар бірінші категориялы техниктің алғашқы қызметіне, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, және инженер ғылыми-зерттеу мекемелеріне, конструкторлық және жобалау ұйымдарына еңбек өтілін талап етпестен жұмысқа қабылданады.
7/29/14, 22:38
Хабидолда Айгерім Азатбекқызы
Сәлеметсіз бе! Білейін дегенім биылғы жылы 3 курс студенттеріне жатақхана қай уақыттан бастап беріледі және мен биыл жатақханаңа орналаса аламын ба? Ұсынылған тізімде бармын ба?
Құрметті Әйгерім! Биыл 2-3 курс студенттерінің студенттік жатақханаға орналасуы тамыздың 23-25 аралығында өтеді. Егер былтырғы оқу жылында жатақхананың тұру ережесін және тәртібін бұзбаған жағдай болса, қайта орналасуға мүмкіндігіңіз бар.
7/29/14, 22:10
Жақсылық Аида Арманқызы
Салеметсіз бе, ректор мырза! Биыл менің сіңілім ҰБТ тапсырған. Орыс тілісіз 71 балл жинады (қазақ бөлімі). Сіздердің университеттеріңіздегі Мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы немесе Агрономия мамандықтарына түсуіне мүмкіндік бола ма? Сонымен қатар биыл осы мамандықтар бойынша қанша грант бөлінгенін білсек дейміз. Алдын ала алғысымды білдіремін!
Құрметті Аида! Біздің университеттің мамандықтары тізімін www.kazatu.kzресми сайтымыздан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы өтпелі баллдар қандай болатынын конкурс нәтижесі ғана анықтайды.
7/29/14, 14:18
Мамытов Нұржан
Сәлеметсіз бе?! Менің сізге қояр сұрағым: Кадастр деген қандай мамандық? Оның болашағы қалай? Ертен жұмыс табыла ма оған? Ол қай жерде жұмыс жасайды? Нақты нақты жауап берсеңіз...
Құрметті Нұржан Мамытов! «Кадастр» мамандығы жылжымайтын мүлікті есепке алу, тіркеу және бағалау қызметтерінің негізін құрайды. Мамандықтың бағыты «қызмет көрсету» болып табылады. Яғни, «Кадастр» мамандары мемлекеттік ұйымдарда төмендегідей қызметтерді атқара алады: 1) Жер комитеті бөлімшелерінде немесе жеке кәсіпорындарда геодезия-картограф қызметін, ТБТ (тіркеу қызметі комитетінде); 2) «Жер ресурстары қатынастары» ММ-нің аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктерінде; 3) «ЖерҒӨО» РМК-нің территориялық филиалдарында қызмет атқара алады. Толық ақпаратты Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 73 мекен-жайы бойынша орналасқан жерге орналастыру факультетінен ала аласыз. Байланыс телефондарымыз 8(7172)3977 79, 8 702 288 59 99.
7/27/14, 17:45
Жумабаева Алия Сырымовна
Салеметсиз бе, Акылбек Кажыгулулы Куришбаев. Мен КазАТУтин Ветеринарлык факультетинин 050727-Азык- тулик тагамдар технологиясы мамандыгынын 1 курс студенти, акылы окып аяктадым. Осы мамандык бойынша гран босады ма? Грант иегери болуга мумкиндигим бар ма екен деген сурак мазалайды, осындай акпаратты калай билуге болады.Алдын ала рахмет!
Құрметті Әлия! Биылғы оқу жылында «Азық-түлік тағамдары технологиясы» мамандығы бойынша биылғы 2013-2014 оқу жылында грант босаған жоқ. Егерде грант босаған жағдайда деканат тарапынан кураторларға хабарлайды, сондықтан грант босаған жағдайда топ кураторлары хабарлайды. Деканатқа да хабарласып біліп тұруыңызға әбден болады.
7/27/14, 15:15
Мухамеджанов Мадияр Сергейулы
Ассалаумагалейкум! Мен КТАдан 67балл алдым, осы баллмен грантка машина жасау маманына тусе алам ба? Тандау паним физика! Математика: 23 балл Казак тили: 11 балл Тарих: 25 балл Физика: 8 балл
Құрметті Мадияр! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды.