Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/25/15, 17:26
Tortkaraeva Merey Tolegenkyzy
Сәлеметсіз бе! мен ұбтдан орыс тілінсіз 75 балл жинадым биология пәнін таңдадым. және қазақ мектебін бітірдім, сіздерге Ветеринарная санитария мамандығы бойынша орыс группасына грантқа түсе аламын ба?
Құрметті Мерей! Мектепті қазақ тілінде бітіріп, ҰБТ қазақ тілінде тапсырсаңыз, гранттар конкурсында қазақ тілінде ғана қатыса аласыз.
7/25/15, 00:09
жолдиева жанерке
Сәлеметсіз бе. Ақылбек Қажығұлұл!!! Орман қорлары және орман ресурстары кафедрасынның жылына оқу ақшасы қандай?
Құрметті Жанерке! 5В080700-«Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының бакалавриат бойынша 2015 - 2016 оқу жылында төлем ақысы: 2 курс – 364 774 тг; 3 курс – 319 403; 4 курс – 293 934 тенге. Бірінші курсқа оқу ақысы бекітілмеген, яғни БҒМ мемлекеттік тапсырыс жіберілмеген
7/24/15, 14:56
Бактыбай Талгат Мырзагалиулы
Салематсыз ба, ректор мырза? Мен биыл Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин селосындағы А.М.Горький атындағы мектеп-лицейін бітірдім. ҰБТ-дан 104, орыс тілінсіз 85 балл алдым. Таңдау пәнім география. Осы баллмен КАЗАТУға грантқа түсуіме жете ме екен?
Құрметті Талғат! Әр мамандық бойынша мемлекеттік білім граттарына өтпелі балл конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. Ал 2014 жылғы нәтиже бойынша география пәнімен 95-98 балл аралығында болды.
7/23/15, 13:10
Исраил Жанәділ Бахтиярұлы
Саламатсызба, құрметті Ахылбек Кажыгулович!! Сізге кояйын деген сұрағым: мен УБТ-дан 82 тазасы 78 балл жинадым. Таңдау пәнім биология. К.А.Яссауи атындагы қазақ-түрік университетіне (дәрігер) мамандығы бойынша түсе аламын ба? РАХМЕТ!!!
Құрметті Жанәділ! Бұл сұрағыңызды Қ. А. Яссауи атындағы университетіне жолдағаныңыз жөн болар. Біздің университетте дәрігер мамандарын даярламаймыз.
7/23/15, 11:25
Сабитова Алина Максатовна
Cәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы. «Теплоэнергетика» мамандығына ақылы негізінде қабылдау қашан басталады? Құжаттарды, жарты жылдық білім ақысын Ақтаудан жібере аламынба? Алдын ала рахмет!
Құрметті Алина! Оқудың ақылы түріне қабылдау тамыздың 10-нан 25-не дейін жүзеге асырылады. Ол үшін талапкер өтініш жазады, университетпен келісім-шартқа отырып, оқудың төлем ақысы төленеді. Төлем ақыны өтініш жазған соң бірден төлеу қажет, сондықтан Астана қаласында төлегеніңіз жөн.
7/21/15, 20:08
Мауленов Нурсултан Сабыржанулы
Сәлеметсіз бе!Мен биыл УБТ тапсырып 105 балл алдым. Орыс тилинсиз 92 балл.Тандау паним физика.Сиздерден сурайын дегенім ақпараттық жүйеге және де математикалық компьютерлік модельдеу мамандыгына тусуге мүмкіндігім бар ма.Жыл сайын канша балл косылады мысалы:ақпараттық жүйе мамандығына былтыр 92 баллмен түсіпті. Биыл оның устине тагы балл қосылады ма?2013ж осы мамандыкка қанша балмен тускен? 92баллмен қандай мамандыкка жазсам болады. Ауылдық квота жок, калада окыдым отиниш жауабынызды күтемін. Рахмет
Құрметті Нұрсұлтан! Әр мамандық бойынша мемлекеттік білім граттарына өтпелі балл конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. Сондықтан белгілі бал мөлшерімен өтесіз не өтпейсіз деп ешкім нақты жауап бере алмайды.