Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/25/16, 06:29
Кадирсизова Кызгалдак Махадиеына
Салематсыздар ма? Кай кyннен бастап документ кабылданады . 54 балмен акылы энергетикалык факультетiне тапсыра аламыз ба?
Құрметті Қызғалдақ! Оқудың ақылы түріне құжаттарды қабылдау тамыз айының 10-нан 25-не дейін (гранттар нәтижесі жарияланған соң) жүзеге асырылады. Құжаттарды талапкер оқуға түсетін оқу орнына барып өтініш жазу арқылы тапсырады, сондықтан біздің университетті таңдаған болсаңыз, көрсетілген мерзімде құжаттарды бізге келіп өткізесіз. Қажетті құжаттар тізімі: - аттестат (диплом) түпнұсқа, - 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, - 086-У және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография көшірмесі - жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, - тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
6/23/16, 15:47
Сарман Назира Бисенбайқызы
Сәлеметсізбе! Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Менің інім Байқоңыр қаласындағы ресейлік университетте "Информатика и вычислительная техника" мамандығында оқиды. Байқоңырдағы университеттен ҚазАту-ға орыс тобына ауысу мүмкін бе, және бос грант барма? Рахмет!
Сәлеметсіз бе, Назира! Университетімізде сіздің мамандығыңызға ұқсас "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" және "Ақпараттық жүйелер" мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі. Ауыстыру ережесіне сәйкес сіз бір мамандықтан басқа мамандыққа тек қана келісімшарт негізінде ғана ауыса аласыз. Сіз ауысу үшін Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің деканатына транскриптіңізбен келуіңіз қажет. Онда сізге жұмыс оқу жоспарындағы пән айырмашылықтарын санайды. Сондай-ақ, alfiya_askarova@mail.ru электронды поштасымен немесе 8(7172)384-002, (7172)384-003 телефондарымен хабарласуыңызға болады.
6/23/16, 10:41
Аманбаева Жадра Жамбулқызы
ҰБТ-дан орыс тілінсіз 79 жинадым.Таңдау пәнім физика 19.Астана және Алматы қалаларындағы қай университетке педагог немесе телекоммуникациялық технологиялар мамандығына түсе аламын ба?Осы универге ше?
Құрметті Жадыра! 2015 жылдағы грант конкурстарының нәтижесіндегі таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша өтпелі баллдар: - Кәсіптік білім - қазақ тілінде 82/80, орыс тілінде 80/76; - Ақпараттық жүйелер - қазақ тілінде 100/89, орыс тілінде 98/73; - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету - қазақ тілінде 90, орыс тілінде 85; - Көлік, көліктік техника және технологиялар - қазақ тілінде 87/83, орыс тілінде 82/69; - Жылу энергетикасы - қазақ тілінде 89/85, орыс тілінде 87/71; - Электр энергетикасы - қазақ тілінде 93/88, орыс тілінде 90/77; - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар - қазақ тілінде Н-100/90, орыс тілінде 93/77; - Технологиялық машиналар және жабдықтар - қазақ тілінде 81/78, орыс тілінде 75/63; - Стандарттау, сертификаттау және метрология - қазақ тілінде 100/90, орыс тілінде 92/75; - Аграрлық техника және технология - қазақ тілінде 77/75, орыс тілінде 67/58; - А/ш энергиямен қамтамасыз ету - қазақ тілінде 84/80, орыс тілінде 81/68; - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру - қазақ тілінде 100/94, орыс тілінде Н-82/94. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
6/22/16, 08:20
Жакупбай Зейнолла Жакупбайулы
мен биология пәнін алдым.Сэс мамандығына тусейн деп едим.Сэс мамандығы болмаса биологияға кандай мамандық бар?
Құрметті Зейнолла! СЭС мамандығы біздің университетте жоқ, биология пәнімен агрономия, ветеринария және мал шаруашылығы факультеттерінің мамандықтарына түсе аласыз. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
6/21/16, 05:37
venera sabyr erbol
общий 96 таза 86 агрономияга грантка тусе аламын ба
Құрметті Венера! 2015 жылдағы конкурс нәтижесінде Агрономия мамандығына мемлекеттік білім грантына өтпелі балл 84 болды, биылғы балл тек қана конкурс аяқталған соң ғана анықталады. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56
6/15/16, 12:09
иргалиева гулжанат жумагуловна
Саламатсызба Ақылбек Күрішбекұлы! Менің балам осы университетке түскісі келеді. Біз Ақтобе облысында тұрамыз. Ақылы бөлімге түсу үшін құжаттарды қай жерге және қашан тапсыруға болады. Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану факултетіне. Рахмет.
Құрметті Гүлжанат! Оқудың ақылы түріне құжаттарды қабылдау тамыз айының 10-нан 25-не дейін (гранттар нәтижесі жарияланған соң) жүзеге асырылады. Құжаттарды талапкер оқуға түсетін оқу орнына барып өтініш жазу арқылы тапсырады, сондықтан біздің университет таңдаған болсаңыз, көрсетілген мерзімде құжаттарды бізге келіп өткізесіз. Анықтамалар үшін: телефон 31-75-56