Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/30/12, 16:59
Ардагер Әбеусейіт
Қайырлы күн Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Қытай Халық Республикасынан тарихи Отаныма оралған қандас студентпін. Бірінші курстың Азық-түлік тағамдарының технологиясы мамандығы бойынша оқимын. Қазақстан Республикасының азаматымын. Сол себепті ЖОО-ның әскери кафедрасына сынақтар тапсырып, әскери дәріс алуға үмітті едім. Алайда тиісті құжаттардың бәрін тапсырғаннан кейін менің әскери кафедраға қабылданбағандығым белгілі болды. Группамыз бойынша ер балалардың ешқайсысы да өтпеген. Жауапты тараптар жағынан ешқандай себеп түсіндірілмеді. Бәріміздің сабақ үлгерімдеріміз үздік, тәртіптеріміз жақсы. Университеттің қоғамдық жұмыстарына да белсенді қатысып жүрміз. Денсаулықтарымыз да ойдағыдай. Бірақ неліктен әскери кафедраға өте алмағанымызды түсіне алмадық. Ректорат тарапынан бұл сұрағымыздың тиісті шешімін білгіміз келеді.
Құрметті Ардагер! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыздандыру ережелерін бекіту туралы» Қаулысының 39 тармағына сәйкес студенттерді іріктеу кезінде мыналар ескеріледі: - қорғаныс істері жөніндегі жергілікті әскерге шақыру комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелері; - емтихандар тапсыру нәтижелері бойынша студенттер үлгерімінің орташа ұпайы; - дене шынықтыру дайындығы бойынша ЖОО студенттері үшін белгіленген нормативтерді орындау нәтижелері. Сіз әскери-дәрігерлік комиссияға келмегеніңізге және медициналық куәландыру нәтижелерін тапсырмағаныңызға байланысты іріктеу комиссиясы рұқсат етпеді. Іріктеу комиссия отырысының хаттамасынының көшірмесі әскери кафедраның 1-дәлізіндегі ақпараттық қалқанда орналастырылған.
1/30/12, 15:20
Назым
Қайырлы күн, құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Мен осы университеттің 3 курс студентімін. сізге қоятын сұрағым президенттік шәкіртақыға байланысты. през. шәкіртақыны алғанда мемлекеттік грант шәкіртақысы неге сақталмайды?
Құрметті Назым! Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 Қаулысының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясы магистранттар мен жоғары оқу орындары студенттерiнiң үстемеақысыз (15235 теңге) стипендиясынан 100 % жоғары белгiленген. Демек, Сізге жазғы және қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде оқу озаты ретінде 2011 жылғы қыркүйек айынан бастап 15%-ға жоғарылатылған стипендиясы (17520 теңге) мен Президенттік стипендия (15235 теңге) төленеді.
1/30/12, 12:30
Көшен Бақыт
Құрметті ректор мырза! мен есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасы студенті, волейболдан Астана құрамасы сапындағы ойыншымын,сізге қояр сұрағым сіздің оқу орныңызда көптеген жас Астана жоғарғы лигасында ойнаған ойыншылар оқып жатыр! Олар қазіргі уақытта бос,себебі Астана Жоғарғы лига командасына қолдау болмағасын жабылып қалған! Неге сол студенттердің басын қосып ҚАЗАТУ құрамасын құрып,Жоғаргы лига командалары қатарына қоспасқа?! Сұрақтың жауабын міндетті түрде күтеміз!!! рахмет!!!
Құрметті Бақыт! Сіздің сұрағыңыз бойынша ұсыныстар қарастырылып жатыр. Университетіміздің спорт клубы жанында волейбол спорттық секциясы ашылған. ҚР жоғарғы лига жарыстарында Астана командасы құрамында ойнаған ойыншылар осы секцияның құрамында шұғылданып жүр. Алдағы уақытта аталған секция жұмысын күшейтіп, ҚР жоғарғы лигасында өнер көрсететіндей деңгейге жеткізу мәселесі қолға алынатын болады.
1/29/12, 22:27
Раманкулов Чингизхан
Salemetsizbe, A.K.Kurishbaev agay!Men Ramankulov Chyngyzkhan Ontustik Kazakhstan oblysy,Sariagaw audaninan kelip otirmin.Men kopbalali otbasinanmin.Mektepti \\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\"Altin belgige\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\" bitirdim. Men memlekettik grant negizinde okymin.1 semestrdi \\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\"5\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\" japtim.Kazir kvartirada turip jatirmin.Suragim N7 jatakkhanadan bir orin bole alasizdarma.Raxmet!
Құрметті Шыңғысхан! Бұл мәселе бойынша тұрғын орын комиссиясына арыз жазып, тиісті құжаттарыңыздың көшірмесін тапсырыңыз. Тұрғын орын комиссиясының келесі отырысында жатақхана мәселесіне қатысты барлық өтініштер мен арыздар қаралады және тиісті шешімдер шығарылады.
1/29/12, 13:42
Нұғманова Нұржауған
Сәлеметсіз бе. Мен 11 сынып оқушысымын,сіздің универсетіңізге грантқа түсу үшін ентдан қанша балл жинауым керек. Таңдау пәнім-физика. Және де физикаға байланысты сізде қандай мамандықтар бар
Құрметті Нұржауған! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні физика болып табылады: 1. Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінде - 5В012000 – «Кәсіптік білім», - 5В070300 – «Ақпаратты жүйелер», - 5В070300 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»; 2. Энергетикалық факультет - 5В071700 – «Жылу энергетикасыв», - 5В071800 – «Электр энергетикасы», - 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»; 3. Техникалық факультет - 5В071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар», - 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», - 5В073200 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау», - 5В080600 – «Аграрлық техника және технологиялар», - 5В0090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Көрсетілген мамандықтарға грант иегері атану үшін ҰБТ нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 82-100 балл аралығында жинауыңыз қажет. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail. 711_12@inbox.ru (студенттерді қабылдау бөлімі).
1/29/12, 10:57
Диляра
Cәлеметсіз бе, менің сұрайтыным: \"Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы\" кафедрасына жылына қанша төлеу қажет?
Құрметті Диляра! 5В0728- «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша оқу жылының төлем ақысы: 1 курста - 246600 тг. 2 курста – 243000тг. 3 курста – 192199 тг. 4 курста – 192199 тг.