Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/10/13, 11:23
Жаманбаева Бакыт
Салеметсиз бе,Акылбек Кажыгулулы! Мен техникалык факультеттин 2 курс студентимин. Келеси оку жылында, ягни 2013-2014 оку жылында шет елде билим алуга (жаз мезгилинде тажирибеден отуге)мумкиндик бар ма, аныгырак айтканда Лондонда, Сеулде, Токиода?
Құрметті Бақыт! Cұрағыңызға рахмет, өкінішке орай жаз мезгілінде өтетін тәжірибені тек Германия мен Францияда ғана өте аласыз. Егер сіз шетелде өтілетін тәжірибе туралы толығырақ білгіңіз келсе, сұрақтарыңыз болса, 611 кабинеттегі Халықаралық ынтымақтастық және көптілді оқытуды дамыту орталығына жолықсаңыз болады. Байланыс телефоны: 317719
4/9/13, 16:56
Аупах Мөлдір
Салеметсіздер ме Акылбек Қажығалиұлы және сайт әкімшілігі!Сіздерге алғысымды білдіре отырып, өз сауалымды жолдаймын! Мен \\\"Сәулет\\\" мамандығының колледжден кейінгі қысқартылған бағдарлама бойынша 1 курс орыс тобында оқып жатырмын.Осыған дейін қазақша оқып,білім алғандықтан, бірден орыс тобында оқып,түсіну қиындық туғызып жүр. Қандай көмек болады екен?! Және де, биыл сіңлім мектеп бітіреді. ҚазАТУ-ға оқуға түскен жағдайда оқу ақысында, жатақханамен қамтамасыз етуде жеңілдіктер бола ма? Сіздерден жауап күтемін,рахмет! Сауболыңыздар!
Құрметті Мөлдір! Университемізде оқудың төлем ақысы бойынша ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған, себебі барлық мамандықтар бойынша, басқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда, оқудың төлем ақысы қол жетімді деңгейде белгіленген. Жатақхана мәселесі бойынша оқуға қабылдау кезінде өтініш жазып, жеңілдіктерге ие болу үшін өтінішке әлеуметтік жағдайыңыз туралы анықтамаларды келтіруіңіз қажет. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/9/13, 16:36
Динара
Саламатсыз ба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы. Мен Сакенова Динара экономика факультетінің 2 курс студентімін. \\\"2а\\\" жатақханасында тұрамын және де түнгі администратор болып табыламын. 2а жатақханасына оқуда озат және университетіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын студенттерді тұрғызғаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін.Бізге барлық жағдай жасалған.Және де сізді 1-ші ректор атты номинациясымен шын жүректен құттықтаймын. Сізге тілейтінім:тек қана зор денсаулық және отбасыңызға береке. Сіз аман болсаңыз біздің университетіміз де көркейіп, жетіледі. Сізге көптен-көп рахмет, алғысым шексіз.
Рахмет, Динара! Өзіңізге де үлкен табыстар тілеймін!
4/6/13, 14:21
Бекболат Камшат
Саламатсызба!Мен УБТ-дан тандаган 5 паним агылшын тілі.Аудармашы болгым келеді сіздерде осы мамандық барма.Жане де осы мамандыкка грантка тусу ушін канша балл жинау керек.Казир 10 сыныпта окып жатырмын.пробныйдан 70-80 арасында балл жинап журмин.Отинемин жауап бериниздерши
Құрметті Камшат! Университетімізде таңдау пәні ағылшын тілі болып табылатын мамандықтар жоқ. Мамандықтарымызбен ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлімінде таныса аласыз, онда кестеде таңдау пәндері де келтірілген. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/3/13, 21:13
Сауранбаева Гулнур
Сәлеметсізбе? Мен АгроФАК фокультетінде 1 ші курс студентімін. Менің сурайын дегенім: Оқуымды 1 семестр басқа мемлектте оқып келсем боладыма? Мысалы Өзбекстанға. Жауабынызға алдын ала үлкен рахмет!
Құрметті Гүлнұр! ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын 1 семестр бойы академиялық ұтқырлық бағдарламасы немесе Эразмус Мундус сияқты халықаралық фонд бағдарламалары бойынша шетелде білім алуға болады. Іріктеу конкурсына қатысу үшін Сіздің білім деңгейіз және шет тілді білу деңгейіңіз жоғары болуы қажет. Сонымен қатар, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ТМД елдеріне баруыңызға болады. Толық ақпаратты Халықаралық ынтымақтастықты және көптілді оқытуды дамыту орталығынан (бас корпус, 611 кабинет) алуға болады.
4/3/13, 18:13
Газиз Адинай
Cәлеметсіз бе құрметти Ақылбек мырза! Мен биология пәнін тандадым алайда мамандык тандай алмай отырмын.Сіздердін оқу орындарынызда осы пән бойынша кандай мамандыктар бар,оку акысы канша грант тусу ушин канша балл алу керек?
Құрметті Ғазиз! Университетімізде таңдау пәні биология болып табылатын бірнеше мамандықтар бойынша дайындық жүзеге асырылады: - агрономиялық факультетте 5В060800 – «Экология», 5В080100 – «Агрономия», 5В080800 – «Топырақтану және агрохимия», 5В0801100 – «Өсімдік қорғау және карантин»; - ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде: 5В07100 – «Биотехнология», 5В080200– «Мал шаруашылығы өнімдері өндіру технологиясы», 5В08030 – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В08040 – «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В120100 – «Ветеринарлық медицина», 5В120200 – «Ветеринарлық санитария». 2012 жылы өткізілген мемлкеттік білім гранттары конкурсы нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-85 балл және одан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.