Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/27/12, 22:37
Бакытжан Еленбаев
Салеметсизбе!мен ойландырып журген сурагым бар еді! мен Кызылорда Мемлекеттик Университи Политехникалык институтынын *Саулет жане курылыс ондириси*кафедрасынын КУРЫЫС мамандыгыгын 2 курс студентимин!сиздерге магистратура окыган жагдайда кандай документ жане САУЛЕТ мамандыгын оки аламын ба? жане казирги акылы багасы канша екен магистратуранын? алдын ала рахмет
Құрметті Бақытжан! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген «ҚР Жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелердің» 5 тарауының 5.3. тармағына сәйкес магистратура мамандықтарының кәсіби оқу бағдарламаларын меңгеру үшін барлық қажетті «пререквизиттер» болуы тиіс. Қажетті «пререквизиттер» болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұқсат беріледі. Қажетті пререквизиттер тізімін ЖОО өзі анықтайды. Сіздің базалық біліміңіздің «6М0420-Сәулет» мамандығына сәйкес келмеуі себепті бірнеше пәнді ақылы түрде меңгеруге тура келеді, ал олардың тізімін шілде айында оқуға қабылдау комиссиясынан алуға болады. Магистратурада оқудың ақысы жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 2011-2012 оқу жылында ол ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – 421 000, ал бейіндік бағыт бойынша – 371 000 теңгені құрады. Алдағы оқу жылына оқу ақысы әлі бекітілген жоқ. Магистратураға оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімін және қосымша ақпаратты университет сайтынан алуыңызға болады. www.agun.kz, PhD докторант және магистрант 2011.
1/27/12, 16:36
Айганым
Ақылбек Қажығұлұлы! Біз қазіргі уақытта каникулдамыз. университетте болып жатқан өзгерістерді естіп жатырмыз. Майер А.В. тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметінен алып тастапсыз.
Құрметті Айғаным! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 13 шілдесіндегі № 338 бұйрығына енгізілген 2011 жылғы өзгертулеріне сәйкес тәрбие ісі жөніндегі проректор лауазымы жеке енгізілу керек. Сонымен қатар, ол біліктілік талаптарының шартына сәйкес келуі және ғылыми дәрежесі болуы қажет. 17 қаңтарда өткен ғылыми кеңесте тәрбие ісіне қатысты есеп беру тыңдалды. Тәрбие жұмысын одан әрі дамыту мақсатында штатқа тәрбие ісі жөніндегі проректор лауазымын енгізу туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Сөйтіп, проректорлардың лауазымдық міндеттері қайта бөлінді. Басқарма төрағасының орынбасары А.В.Майер, аталған шешімге сәйкес, енді– инфрақұрылымды дамыту саласына жетекшілік етеді. Сонымен қатар Ғылыми кеңесте университетте тәрбие жұмысы жөніндегі департамент құру туралы шешім қабылданды. Біздің университеттің тәрбие жұмысында басқа жоғары оқу орындарымен салыстырғанда айтарлықтай басымдықтар бар. Енді, соны жүйелі түрде одан әрі дамытып, студенттік өзін-өзі басқарудың қалыптасқан бірегей жүйесіне қол жеткізген студенттерімізді мадақтауымыз керек. Бірақ әлі де шешімін таппаған мәселелер көп. Оның ішінде тәлімгерлердің, кафедра және деканаттар жұмысын жетілдіруді қажет етеді. Сөйтіп университет тәрбие жұмысын бір жүйеге түсіруге бағытталып отыр. Әлбетте, мұндай ауқымды жұмысты тәрбие ісі жөніндегі проректордың тікелей басшылығымен жүргізілетін басқару жүйесі ғана қамтамасыз ете алады.
1/26/12, 19:14
сара
Сізге жазған сұрақ тікелей өзіңізге бара ма? Жолда кейбір сұрақтар қалып қоя ма? Себебі бір сұрақ бергеніме бір ай болы жауап жоқ әлі.
Құрметті Сара! Блогқа келіп түскен сұрақтарды қайта қарағанымызда, сізден (Сара деген есімнен) тек бір ғана, осы сұрақ келген, басқа сұрақ жоқ. Осыған қоса, бір кісі басқа есіммен, әйтсе де сіздікіндей электронды поштадан сұрақ жіберген. Жасырын (анонимді) және әдепсіз мазмұндағы сұрақтар қарастырылмайды әрі жарияланбайды.
1/26/12, 15:08
Айсулу
Сәлеметсіз бе, мен Раметуллаева Айсулу Аманбайкызы \"Қайта өңдеу өндірісі\" мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімінің 1 курс студентімін. 1 жарты жылдықты 4-5 бітірдім, грантқа құжаттарымды тапсырып қойдым. Грантқа неше орын бөлінеді маған үміттенуге болады ма және қашан нақты жауабы белгілі болады?
Құрметті Айсұлу! Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесі бойынша 5В072800-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығының 1 курсына Қазақстан бойынша 5 босаған мемлекеттік білім беру грантына ашық конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен қоса Сіздің құжаттарыңыз тапсырылды. Конкурс қорытындысы наурыз айының басында белгілі болады.
1/25/12, 10:07
Алия
Сәлеметсіз бе, құрметті А.Қ.Күрішбаев. Мен ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы КМТжИУ де 4-ші курста оқимын. Мен осы оқу орынды буйырса бітіргеннен кейін сіздің оқу орынға Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетiнің Есептеу техника және ақпараттық жүйелер кафедрасы 5В070400 - “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”мамандығына күндізгі немесе сырттай бөліміне тапсырғым келеді. менің сізге қоятын сұрағым осы мамандыққа түсу үшін тестілеуден қанша бал жинауым керек және оқу жылы мен оқу ақысы қанша болатынын айта алсызба. сонымен қатар егер мен күндізгі бөлімге түссем грант немесе жеңілдіктер болады ма? Сонымен қатар кешенді тестілеу ай мезгілде өтетінін және қажетті құжаттарды қай кезге дейін тапсыру керектігін жазып жібересізба. РАХМЕТ.
Құрметті Алия! Сіз таңдап отырған мамандығыңыз, 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бойынша тек күндізгі бөлімге ғана түсе аласыз, себебі бұл мамандық сырттай 2-ші жоғары білім алуға рұқсат етілмейтін мамандықтар қатарына жатады. Сырттай оқу осы мамандыққа сәйкес келетін орта техникалық және кәсіптік білім негізінде ғана рұқсат етілген. Оқуға түсу үшін ағымдағы жылда талапкерлердің кешенді тестілеуін тапсыруыңыз тиіс, тестілеу 4 пән бойынша өтеді: Қазақстан тарихы, математика, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және физика. Тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 50 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл. Білім беру гранттарын талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. 2011 жылдың нәтижесі бойынша аталған мамандыққа қазақ топтарына 92 балл жинаған, ал орыс топтарына 79 балл жинаған талапкерлер грант иегерлереі атанды. Оқудың төлем ақысы 2011-2012 оқу жылына 300,0 мың теңге болды. Оқудың төлем ақысы қол жетімді болғандықтан ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер 2012 жылдың 20 маусымынан 9 шілдеге қабылданады, ал тестілеу 18-21 шілде күндері аралығында өтеді. Қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, № 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылда бөлімі).
1/24/12, 12:50
Аширова Мөлдір Берікбаевна
Сәлеметсізбе мырза!магистратураны бітірген маманға мектепте қосымша ақы төленедіме?
Құрметті Мөлдір! Сіз бұл сұрақты өзіңіз жұмыс ісейтін мектеп басшылығына қоюыңыз қажет. Бұл сұрақ біздің құзырымызға кірмейді.