Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/2/13, 16:39
Асел Болатова
Химиядан кандай мамандыктар бар?Жане акшасы кандай?Химия мамандыктарына жумыс табыла ма?алдын ала рахмет!
Құрметті Әсел! Университетімізде таңдау пәні химия болып табылатын 2 мамандық бойынша дайындық жүзеге асырылады: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». 20125-2013 оқу жылына аталған мамандықтар бойынша оқудың төлем ақысы 296,0 мың теңге болды. Бұл мамандықтардың түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие деп айта аламыз, себебі елімізде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі ерекше назарда. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru.
4/2/13, 00:46
Шырайлым
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! - Мен,Алматы қаласындағы аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, биология және биотехнология факультетінің, балық шаруашылығы мамандығының 2 курс студентімін.Грантта оқимын. Менің сізге қояр сұрағым : - \"Студенттермен алмасу\" бағдарламасы бойынша келер жарты жылдықта сіздерде өзім оқып жатқан дәл осы мамандыққа ауысуыма мумкіндік бар ма? Және де бағдарлама бойынша ауыстырған жағдайда жатақхана мәселесі бірден шешіле ме?
Құрметті Шырайлым! Біздің жоғарғы оқу орнында, Сіз оқып жатқан мамандық бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасында білім алуыңызға болады. Сіз өзіңіздің жоғарғы оқу орнындағы студенттердің академиялық ұтқырлық жөніндегі координатормен жолығуыңыз қажет. Сізді біздің университетте көруге қуаныштымыз!
3/30/13, 15:56
Абдирахманов Бекзат 11 сынып
Саламатсызба?, Биыл Казату ветеренария мамандыктарына канша грант болип отир жане кем дегенде канша баллмен тусуге болады?
Құрметті Бекзат! Жылда мамандықтар бойынша бөлінетін мемлекеттік білім гранттарының саны Білім және ғылым саласындағы құзырлы орган, яғни министрлікпен бекітіледі, ал университет еншісіне тиген гранттар саны конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. Мысалы, 2012 жылы өткізілген конкурс нәтижесінде «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша бөлінген 360 гранттың 96-і (26 %) университетіміздің үлесіне тиді. Аталған мамандық бойынша мүмкін болатын 100 балдан 72 балл және одан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/29/13, 21:43
салтанат
салеметсизбе менин билейн дегеним мен Атырау аграрлы техникалык колледжинде жерге орналастырушылык мамандыгын уздик битирдим енди сиздердин университеттеринизге грантка тусу ушин не истеуимиз керек тест тапсырып бал жинаумыз керек пе канша бал жинасак грантка тусемин
Құрметті Салтанат! Университетіміздің мамандықтар тізімі ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлігінде көрсетілген, оқуға Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 балддан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік грантқа қанша баллмен түсуге болатыны немесе болмайтыны туралы мәлімет жылдағы өткізілетін конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Колледж түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу тапсыруға міндетті. Құжаттар 20-ші маусымнан 9-ші шілдеге дейін қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/27/13, 21:10
Жансая
Салеметсиз бе?мен казирги танда 11-сыныпта окимын.Алла Буйыртса К0станайдагы КГУ-га туским келеди.мени мазалайтыны азык-тулик технологиясына тусу ушин биологияны тандауга бола м?жане де неше балл жинау керек?
Құрметті Жансая! Егер де Сіз Қостанайдағы КГУ-ға түскіңіз келсе, сұрағыңызды аталған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жолдағаныңыз жөн болар.
3/22/13, 15:57
Orynkul Jappar
salemensizbe? sizge koiar suragim sizdin univerinizde biologiadan grant kanwa bal bolady jobamen? suragyma jauap kaitarynyzwy
Құрметті Orynkul! Университетіміздің мамандықтар тізімі ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлігінде көрсетілген, сонымен қатар мамандықтар бойынша 2012 жылы өткізілген мемлекеттік білім гранттар конкурсы нәтижесінде өтпелі баллдар да келтірілген. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru