Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
1/24/12, 01:36
Жанғазиев Жанысбек
саламатсыздарма! Мен Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінің 11 сынып оқушысымын! Мен 11 бітіргеннен кейін сіздерге тускім келеді, биология тандап отырмын! Сол қандай мамандықтар бар екенін айтсаңыз?
Құрметті Жанысбек! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. Университетіміздің келесі мамандықтары бойынша таңдау пәні биология болып табылады: 5В060800 - «Экология», 5В070100 – «Биотехнология», 5В080100 - «Агрономия», 5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 5В080300 - «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», 5В080800 - «Топырақтану және агрохимия», 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин», 5В120100 – «Ветеринарлық медицина» және 5В120200 – «Ветеринарлық санитария». Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылдау бөлімі).
1/23/12, 19:50
Төлеуқұл Айтолқын Асқатқызы
Cәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 2-курс студентімін. Мен осы семестрде сіздің университетіңізде студенттер алмасу бойынша оқиын деген едім. Келісім жасасып қойдық. Тек білейін дегенім, біздің оқу жоспарымыз бен сіздердің оқу жоспарларыңыз келмейді екен. Сонда біз кейбір міндетті компоненттерді оқымай қалмаймыз ба? Және жатақхана беріледі ма екен? Рахмет!
Құрметті Айтолқын! Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алу үшін Сіз оқып жатқан мамандық бойынша оқу жоспарын салыстыра отырып,студенттің жеке оқу жоспарын толтырып, үш жақты келісім-шарт жасалуы қажет. Академиялық ұтқырлыққа қатысты сұрақтар бойынша Сіз өз университетіңіздегі жауапты координатор Головачева Виктория Николаевнаға жолығуыңыз қажет. Егер Сіз екі жақты келісім бойынша біздің университетімізде ұтқырлық шеңберінде білім алатын болсаңыз жатақханадан орын беріледі.
1/23/12, 17:39
Есмағұлов Мақсат
Ассалаумағалейкум құрметті ректор мырза. Мен осы университеттің 1 курс студентімін. Биылғы жылы \"жерге орналастыру\" мамандығы бойынша 1 курсқа босаған гранттар бар ма? Рахмет!
Құрметті Мақсат! 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесі бойынша 5В090300-Жерге орналастыру мамандығының 1 курсына босаған мемлекеттік білім беру гранттары жоқ.
1/23/12, 14:08
Жұмахан Ақжамал
Сәлеметсіз бе? Мен энергетикалық факультеттің 1-курс студентімін. Мен қысқы сессияны ойдағыдай аяқтап, мемлекеттік грантқа өтініш білдірген болатынмын. Сізге қояр сұрағым \"электр энергетика\" мамандығына қанша грант бөлінген және оның қорытындысын қашан біле аламыз?
Құрметті Ақжамал! Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесі бойынша 5В0701800-Электр энергетикасы мамандығының 1 курсына босаған 2 мемлекеттік білім беру грантына конкурс жариялады. Конкурсқа қатысушылардың тізімінде Сіз де барсыз. Конкурс қорытындысы наурыз айының басында белгілі болады.
1/23/12, 04:41
Сыдық Бағдат
Саламатсызба!Мен осы қысқы сессиямды жауып,грантқа ауысуға арыз жазғам.Қояр сұрағым биыл электроэнергетика мамандығына 1 курстарға мемлекеттік босаған білім гранты қанша? жәнеде дене шынықтыру сабағы әсер етема?
Құрметті Бағдат! Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен 2011-2012 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесі бойынша Республика бойынша 5В0701800-Электр энергетикасы мамандығының 1 курсына 2 босаған мемлекеттік білім беру грантына конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысушылардың арасында сіздің құжаттарыңыз бар және дене шынықтыру пәні сынақ болып табылатындықтан үлгерім көрсеткішіне әсер етпейтіндігін хабарлаймыз. Конкурс қорытындысы наурыз айының басында белгілі болады. Барлық сұрақтарыңыз бойынша энергетикалық факультетіне және тіркеуші кеңсеге хабарласыңыз болады (бас ғимарат, 3 қабат, 619 кабинет).
1/22/12, 19:50
Бекболат Ташимов
Саламатсызба Ректор мырза! Кояр сурагым: бос гранттар конкурсы натижеси кашан белгили болады екен?
Құрметті Бекболат! Босаған мемлекеттік білім беру грантының конкурс қорытындысы наурыз айының басында белгілі болады. Барлық сұрақтарыңыз бойынша энергетикалық факультетіне және тіркеуші кеңсесіне хабарласыңыз (бас ғимарат, 3 қатар, 619 кабинет).