Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/21/13, 16:12
Жанибек
Құрметті, Ақылбек Қажығұлұлы. Менің білейн дегенім келесі оқу жылында ВжМШТ факультетінен технологиялық факультет бөлініп шығатыны рас па?
Құрметті Жанібек! Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінен технологиялық факультет болып бөлініп шығуға негіз жоқ. Қазіргі таңда факультетте 1318 студентер оқиды, оның ішінде 808 студент ветеринарлық мамандықтар бойынша оқиды.
3/20/13, 03:46
Габдулина Айнур
Құрметті Ақылбек Кажығұлұлы!!! Сізді 22 Наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекенізбен құттықтаймыз!!! Жаңа Жыл от басынызға жақсылық, дастарханынызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұянызга тыныштык және бақыт тілейміз,еңбектеріңіз жемісті және табысты болсын! Сиздердін Англияда оқып журген қызметкерлерініз.
3/18/13, 18:49
№7 жатақхана Студенттері
Саламатсыз ба, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев!Мен сізге үлкен алғысымды айтқым келеді!Біздер үшін дүкен ашылды,емхана ашылды.Өте керемет!Арзан әрі бәрі бар!Үлкен рахмет!Енді бізді мазалап журген сізге коятын сұрағымыз бар еді.Жатақханада біздің түнгі комендант ауысқалы бері тыным жоқ.Кез келген нәрсеге тиісе береді.Ешбір дәлелсіз.Түнгі комендант Серікбаева С.1 курс студентті студенттермен сөйлесуді билмейді,дөрекі сөйлеседі.Кері сөйлесесек түсініктеме жазгызып ст! уденттік кеңеске шақырады.Берілген жазаны береді,содан кейін сабақ оқып үлгермейміз.Біз айтқан ережемен жүреміз,себебі жатақхана алатын кезде қол қойганбыз.Ештеңеге қарамайды үлкенсінба кішісінба.Бізге жақсы қараса, бізде жақсылықпен қайтарамыз.Өзімізді түрмеде жатқандай сезінеміз.Студенттерге басқаша көрініп,тексеріске келген басшыларға басқаша көрініп. Біз осы жерге білім алуға келдік,ұрыс естуге емес.Міне бізді мазалаған мәселе.Бізге үлкен курс студентін қоюыңызды сұраймыз.Шара қолданады деп үміттенеміз!Рахмет.
Құрметті Камила! Алғыс білдіргеніңіз үшін көп рахмет! Студенттердің әлеуметтік жағдайлары менің әрқашан назарымда. Сіздің хатыңызда көтерілген мәселеге келсек, жатақхана комендантын кешкі уақытта түнгі администратор ауыстыратыны белгілі. Оның міндетіне жатақханада тұратын студенттердің кешкі уақыттағы тыныс-тіршілігін, қауіпсіздігін, тәртібін қадағалау кіреді. Бұл талап Қазақ агротехникалық университеті Студенттік жатақханаларының Ішкі тәртіп ережесіне сай орындалады. №7 жатақханада ең көп студенттер тұрады. Сол себептен ережеге сәйкес студенттерден тәртіп талап етілетіні заңдылық. «Тәртіпті ел құл болмайды» деген Б.Момышұлының жақсы сөзі бар. Бекітілген ережені сақтау және орындау - әр студенттің міндеті. Түнгі администратор С.Серікбаеваны жатақхана коменданты ұсынып, студенттер қолдағаннан кейін бекітілді. Оның мінез-құлқына байланысты онымен жеке әңгімелесу жүргізіледі.
3/17/13, 22:14
Аружан Тажеева
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Біздің университет ҚР Білім және ғылым министрлігінің универлайфсайтында барлық параметр бойынша бірінші тұрғанын көріп, құттықтағым келіп отыр. Мен универсиеттің түлегі ретінде мақтаныш сезімімді білдіргім келеді. Әрдайым осындай көшбасшы бола беріңіздер! Игі тілекпен, университеттің түлегі Аружан Тажеева
3/12/13, 21:28
Тиллабеков Боходир Суннатиллаевич
Күрішбаев Ақылбек Кажығұлұлы сізге алғысымды білдіремін! бізге істеген жақсылықтарыныз үшін көп рахмет. Алла сізге нұрын шашсын!
3/12/13, 16:18
№6 жатақхана студенттері
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы мырза, біз № 6 жатақхана студенттері, сізге, біздің жатақханаға және университетімізге жасалып жатқан жағдайлар үшін шексіз алғысымызды білдіріміз. Бізге өз жатақханамыз қатты ұнайды, барлық жағдайлар қарастырылған, таңертеңгі автобустар өз уқыттарамен жүреді. Университетімізде және жатақханаларда оң өзгерістер орын алып жатыр және осы өзгерістер әрі қарай жалғасын табады деген сенімдеміз. Біздің бір білгіміз келетіні, осы жылы! біздің жатақханаға жөндеу жүргізіле ме?
Құрметті №6 жатақхана студенттері! Университетте студенттердің әлеуметтік жағдайына үнемі назар аударылады. Студенттер мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды Өздеріңіз де байқап жүрсіздер. Дегенмен биылғы оқу жылында №6 жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жасалмайды. Жатақхана ғимараты ескі болғандықтан, іргетасынан бастап жөндеу үшін, республикалық бюджеттен қаржы сұралып отыр. Себебі университеттің өз қаржысынан ондай күрделі жұмыстар істеу мүмкін емес. Біздің мақсатымыз – №6 жатақхананы түбегейлі жақсарту. Сондықтан биылғы оқу жылында бұл жатақханаға тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.