Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/11/13, 13:02
Салтанат Кенжина
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы!Мен 2013-жылдың түдегі боламын!Сізге қояр сұрағым биололгия пәнінен қандай мамандықтар қазіргі кезде қажет??Алдын-ала рахмет!
Құрметті Салтанат! Университетіміздің мамандықтар тізімі ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлігінде көрсетілген, биология пәніне сәйкес келетін мамандықтар бойынша білім алған түлектерміз еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/7/13, 21:57
Азиза
Сәлеметсізбе??Мен 11-ші сынып оқып жатырмын,таңдаған пәнім химия.60-70 арасында балл жинап жатырмын.Сізге сұрағым грантка түсу үшін қанша балл керек???
Құрметті Азиза! Университетімізге химия пәнімен екі мамандық бойынша оқуға түсуге болады: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». 2012 жылдағы конкурс нәтижесінде көрсетілген екі мамандыққа мүмкін болатын 100 баллдан 63-68 балл жинаған талапкерлер мемлекеттік грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына өтініштерді қабылдау жылда 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады, құжаттар жоғары оқу орындарындағы қабылдау комиссияларына тапсырылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/5/13, 19:10
КОШЕН БАГДАТ
АССАЛАУМАГАЛЕЙКУМ АГА-МЕН 11 СЫНЫП ОКУШЫСЫМЫН.МЕН ГЕОДЕЗИЯ ЖАНЕ КАРТОГРАФИЯ МАМАНДЫГЫНА ТУСКИМ КЕЛЕДИ ОГАН КАНША БАЛМЕН ТУСУГЕ БОЛАДЫ ЖАНЕ БАСКА КАНДАЙ МУМКИНДИК БАР.
Құрметті Багдат! Университетіміздің мамандықтар тізімі ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлігінде көрсетілген, оқуға Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 балддан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлкеттік грантқа қанша баллмен түсуге болатыны немесе болмайтыны туралы мәлімет жылдағы өткізілетін конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/4/13, 21:00
Исраил Адлет
Ассалаумағалейкум Ректор мырза!Мен энергетикалық факультеттің 2-ші курс студентімін. Факультеттер арасында КВН ойындарын ұйымдастыруыңызды өтінемін.Бұл жастар саясатына мол үлес қосады деп ойлаймын.
Құрметті Әділет! Университетте КТК ойыны жақсы дамып келе жатқаны белгілі. Мәселен, І жарты жылдықта орыс және қазақ командалары бойынша университет деңгейінде 4 ойын өткізілді. Сіздердің ұсыныстарың бойынша бұл бағытты әлі де дамыту қарастырылады.
3/4/13, 19:11
Ләйлім
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Алдағы 22 наурыз мерекесіне қай күндері демалыс берілетінін білгім келеді. Алдын ала рахмет
Құрметті Ләйлім! 22 наурыз мерекесіне орай университет бойынша демалысқа 5 күн беріледі: 2013 жылғы наурыздың 21-нен 25-ін қоса алғанда.
3/2/13, 10:44
Молдир
Мен Ахмет Яссауи коледжинде Агрономия мамандыгын үздік дипломмен бітірдім сиздердін университтерінізге сырттай тапсыруга неше балл жинау керек грант карастырылмай ма бул мамандыкка жылына неше төлейді?????
Құрметті Молдир! Колледжді «Агрономия» бойынша аяқтап, университеттің «Агрономия» мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша түсе аласыз. Ол үшін кешенді тестілеу тапсырасыз, тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, оқу тілі (қазақ немесе орыс тілі) және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты), көрсетілген мамандық бойынша - биология. Мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер оқуға қабылдануға құқылы. Қысқартылған бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттер күндізгі бөлімде – 3 жыл, сырттай оқу бөлімінде – 3,5 жыл оқиды. Мемлекет тарапынан гранттар тек күндізгі оқу нысанына бөлінеді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru