Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
2/27/13, 14:35
Али
Ассаламу алейкум Акылбек Кажыгулулы! менин сизден сурайын дегеним. Мен казыр колледж де Орман шаруашылыгы мамандыгын окып жатыр едим. Алла каласа битирген осы универиситетке Туризм мамандыгына окуга туским келеди.Туризм мамандыгына окуга туссем кай курстан тусемин жане канша жыл окимын? Сизге улкен рахмет!
Құрметті Али! Өкінішке орай университетімізде «Туризм» мамандығы жоқ. Колледжді «Орман шаруашылығы» бойынша аяқтап, университеттің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша түсе аласыз. Ол үшін кешенді тестілеу тапсырасыз, тестілеу 4 пән бойынша өткізіледі: математика, Қазақстан тарихы, оқу тілі (қазақ немесе орыс тілі) және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты), көрсетілген мамандық бойынша - биология. Қысқартылған бағдарлама бойынша оқуға түскен студенттер күндізгі бөлімде – 3 жыл, сырттай оқу бөлімінде – 3,5 жыл оқиды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/21/13, 17:41
фаррух
Сәлеметсізба мен казірде Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық университеті 2 курс студентімін мен бігім келгенім мен кәсіптік оқыту мамандығына 2011 жылы мемлекеттік грант жеңіп алдым өзім Шымкентте тұрамын енді мен ОҚМУ.ға сол мамандығым бойынша грантымды жоғалтпай ауыса алам ба және оны қалай жасаймын
Құрметті Фаррух! Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасының 32 тармағына сәйкес Сіз 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша мамандарды дайындайтын Қазақстан Республикасының кез келген жоғары оқу орнына грантыңызды сақтай отырып ауыса аласыз.
2/14/13, 23:00
Касымов Богенбай
Салеметсізбе! мен ұбт-дан химия пәнін тандагым келеді, қандай мамандыққа түсуге болатынан айтынышшы, мен дайындық ұбтдан 50-60тын арасында алып журм
Құрметті Богенбай! Университетімізге химия пәнімен екі мамандық бойынша оқуға түсуге болады: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Аталған мамандықтарға жыл сайын мемлекет тарапынан Қазақстан бойынша 250-300 жуық грант бөлінеді. Мемлекеттік білім гранттарына өтініштерді қабылдау жылда 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады, құжаттар жоғары оқу орындарындағы қабылдау комиссияларына тапсырылады. Оқуға қабылдануға, мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл алған оқушылар, құқылы болады, ал қосымша тапсыратын орыс тілі (қазақ сыныптары үшін) есепке алынбайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/8/13, 16:56
Перизат
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! мен КазАТУ екінші курс студентімін. біздің университетімізде грантта оқитын студент емтиханды үшке тапсырса немесе жазғы семестрға қалса шәкіртақысынан айырылады. ал неліктен ол грантынан да айырылмайды? өйткені біздің университетімізде сабақты таза беске оқып, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысатын, бірақ ақылы түрде оқитын студенттер аз емес. сол грантты осындай студенттерге неге бермеске? немесе таза беске оқитын студенттер үшін оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер неге қарастырылмаған? өйткені кейбір университеттерде ондай жеңілдіктер бар. Рахмет
Құрметті Перизат! Мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқитын студентте емтихан сессиясы қортындысы бойынша академиялық қарызы болса және сол қарызын жоймаған жағдайда ақылы келісім-шарт негізінде курсты қайта оқуға қалдырылады. Ал босаған грантқа конкурс бойынша мамандығы мен курсы сәйкес келетін, келісім - шарт негізінде оқитын студенттер жазғы және қысқы сессия нәтижесі бойынша барлық оқу жылында жоғары балл көрсеткішке ие студент өте алады. Екінші сауалыңызға: ақылы негізінде оқитын студенттерге оқу ақысын төлеу қиынға түссе, оқитын факультеттерінің деканатына өздеріне ыңғайлы төлем жүргізу кестесін беру туралы өтініш жазуларына болады. Қосымша мәліметтер бойынша өзіңіз оқитын деканатқа хабарласуыңызды сұраймын.
2/8/13, 12:58
Болатбекова Назгүл Жоламанқызы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы қызым Көшербай Айым Қанатқызы 2013 талапкері таңдаған пәні химия.Сіздің оқу орны беделді оқу орындарының бірі екен.Осы оқу орнында білім алғымыз келеді.Қабылдау тәртібі туралы толық ақпаратты электронды нұсқада алуға бол ма?Мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігін жақсартатын білім конкурстары,олимпиадалар ұйымдастырыла ма?Сауалыма жауап береді деген сенімдемін.Алдын ала аналық алғысымды білдіремін!
Құрметті Богенбай! Университетімізге химия пәнімен екі мамандық бойынша оқуға түсуге болады: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Аталған мамандықтарға жыл сайын мемлекет тарапынан Қазақстан бойынша 250-300 жуық грант бөлінеді. Мемлекеттік білім гранттарына өтініштерді қабылдау жылда 23-31 шілде аралығында жүзеге асырылады, құжаттар жоғары оқу орындарындағы қабылдау комиссияларына тапсырылады. Оқуға қабылдануға, мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл алған оқушылар, құқылы болады, ал қосымша тапсыратын орыс тілі (қазақ сыныптары үшін) есепке алынбайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
2/4/13, 20:15
Акерке
Сәлеметсіз бе?! Мен 10 сынып оқушысымын. Бул университетте кандай мамандыктар бар физикадан жане осы мамандыктарга канша баллмен тусуге болады?
Құрметті Акерке! Университетіміздің мамандықтар тізімі ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлігінде көрсетілген, грантқа қанша баллмен түсуге болатыны немесе болмайтыны туралы мәлімет жылдағы өткізілетін конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru