Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/11/12, 15:49
азамат
саламасыз ба ректор мырза!!!мен ветсан мамандыгынын 2 курс студентымын сызге сурагым студенттык мобильдык багдарламасымен баска калада уакытша окысам деймын оны калай жузеге асырсам болады????
Құрметті Азамат! Академиялық ұтқырлық бойынша білім алу туралы барлық сұрақтарыңызға бас ғимараттағы №2 «а» Тіркеуші кеңсесі кабинетіне немесе ветеринарлық факультетінің ұтқырлық бойынша жауапты координаторы Инербаев Асылхан Кабиұлына жолықсаңыз болады.
10/9/12, 09:51
Нуррдаулет Алимханов
Салеметсыз бе! сызге кояр сурагым окуга осы кезде тапсыруга болады ма? ЕНТ тест жауабы сертефикаты бар Орыс тылынсыз 57 балл
Құрметті Нурдаулет! Өкінішке орай, қазіргі кезде оқуға тапсыру мүмкін емес, себебі жоғары оқу орындарына қабылдау 2012 жылдың 25 тамызында аяқталды. Келесі оқу жылына кешенді тестілеу тапсыру арқылы ғана түсе аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
10/6/12, 07:21
Жантөре
Құрметті Ахылбека Кажигулович, Мен техникалық фокультеттін 2 курс 206 группасының студентімін мамандығым ТМЖ. Мен Беларусияға барып 1 симестр оқып келсемба деп едім, сол мумкінбе?
Құрметті Жантөре! Академиялық ұтқырлық бойынша білім алу туралы барлық сұрақтарыңызға бас ғимараттағы №2 «а» Тіркеуші кеңсесі кабинетіне немесе техникалық факультетінің ұтқырлық бойынша жауапты координаторы Мұстафин Жасұлан Жарылқағанұлына жолықсаңыз болады.
9/27/12, 15:15
Қопаев Ақылбек Елужанұлы
сәлеметсізбе құрметті ректор мырза! менін сізге койар сұрағым Физика пәні бойынша кандай мамандықтар бар? көп рахмет!
Құрметті Ақылбек! Физика пәнін таңдаған жағдайда Сіз біздің университетке компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру, техникалық және энергетикалық факультеттердің келесі мамандықтарына оқуға түсе аласыз: «Ақпараттық жүйелер», «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Көлік, көліктік техника және технологиялар», «Жылу энергетикасы», «Электр энергетикасы», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Аграрлық техника және технологиялар», «Кәсіптік білім», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру». Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша хабарласа аласыз: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
9/19/12, 20:29
Нургуль
Салеметсиздер ме! менин еки сурагым бар еди.Биринши сурагым менин синилим тул жетим биыл сиздерге окуга тусти грантка, степендия канша алады,сосын проездной билет бересиздер ме?Кураторынан сураган екен тул жетимдерге проездной билет жок тек кана коп балалы семьяга гана бериледи депти,сонда калай мен тусинбедим аке -шешеси кайтыс болган ешкими жок балага проездной билет тисти емес аке-шешеси барларга тиисти сонда ол калай болды.Колында аке шешесинин кайтыс болган кужаттарынын Бари бар.конил аударганынызга коп рахмет....
Құрметті Нұргүл! Сіздің сіңіліңіз бірінші семестр бойы 15000 (он бес мың) теңге алады. Егер осы семестрді үздік аяқтаса, келесі семестрде жоғары степендия яғни, 17000 (он жеті мың) теңге ала алады. Ал жолақы билеті әзірге әкімшіліктің мәліметі бойынша тек көп балалы отбасынан шыққан студенттерге беріледі. Бирақ, біз жетім студенттерге де ай сайынғы тегін жолақы билеттерін беруге әкімшілікке хат жібердік, хаттың жауабы жуық арада белгілі болады. Сау болыңыз!
9/19/12, 15:23
Ерлан
мен грантта оқимын мамандығым АТТ басқа мамандыққа ауысуға боладыма?
Құрметті Ерлан! Ауысу және қайта қабылдау ережесіне сәйкес Сіз қысқы немесе жазғы демалыс уақыты аралығында 5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығынан басқа мамандыққа ақылы негізде ауыса аласыз.