Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/24/13, 23:33
Мадиярова Шырайлым
Сәлеметсіз бе құрметті ректор мырза? Мен осы университетте оқыймын. Сизге қояар сұрағым осы университеттин жатақханаларына неге студенттің ата-анасына кіруге рұқсат жоқ соны түсінбедім сонда ата ана өзінің баласының тұрып жатқан жерін көруге болмайма не үшін? Мен жатақхананын барлық талаптарына келисем ұнайды жатақхана. Бірақ сол сұрақ мені қатты мазалайды. Рахмет сізге.
Құрметті Шырайлым! Университеттің студенттік жатақханасының Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес ата-ананы кіргізуге рұқсат жоқ. Себебі біздің басты мақсатымыз –студенттердің сабаққа дайындалуына, демалуына жағдай жасау. Сондықтан бұл мәселеге түсіністікпен қарау керек.
10/24/13, 11:03
Жумахметов Гани
Ассалаумағалейкум Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Ветеринарлық санитария 3курс студентімін. Мен былтыр #6 жатақханада турганмын ешкандай докладной алмаганмын тек жыл сонында ремонт жағынан келіспеушіліктер болып калды. Біз болисип барлык ремонтты жасадык 4 студет болып тек 4курс студеті болмені жинау ғана бердік,ал ол жинамай кетип калған,енды сонын кесиринен жатакхана ала алмай отырмын. Сизден отиниш осыны карастырсаныз
Құрметті Ғани! Сізге берілген мүмкіндікті бағалап, жатақханада тұру ережесіне сәйкес бөлмені тапсыру керек еді. Себебі ережеге сәйкес бөлменің санитарлық жағдайы бойынша ескерту болса, барлық тұрғыны жауап береді. Ережені біле тұра, жауапкершілікпен қарамағансыз. Жатақхана ережесін бұзған студентті қайта орналастыруға мүмкіндік жоқ.
10/23/13, 08:37
Мерей Алмасов
Ассалаумағалейкум Ақылбек Қажығұлұлы ҚазАту университетінің ТМО мамандығы бойынша білім алып жатырмын,грантта оқимын.Қазір барлық пәннен аралық бақылау(рубежка) тапсырып жатырмын.Сізге қояр сұрағым: Бір пәннен 65 балл яғни 3 бағасын алдым,мұның мен алатын степендияға қаншалықты зияны бар?Степендиядан айырылып қалмаймын ба? Бұл жайында толық айта кетсеңіз...
Құрметті Мерей! Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі. Демек, Сіздің екінші аралық бақылауда және ағымдық бақылауда бағаңызды жоғарылату мүмкіндігіңіз бар. Ал стипендия емтихан сессиясы нәтижесінде тағайындалады.
10/21/13, 00:08
ТМО
Сәлеметсиз бе Ақылбек Қажығұлұлы. Қысқы сессия кезинде сессияны алдын ала тапсыруга болады ма ?
Құрметті Бауыржан! Белгілі бір нақты себептер (деканат тарапынан бұйрық не өкім) болған жағдайларда ғана қысқы сессияны алдын ала тапсыруға рұқсат етіледі, ал себепсіз жағдайларда рұқсат етілмейді.
10/18/13, 22:58
Әсел
Cәлеметсіз бе, құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! қызыл диплом алу үшін қандай талаптар қойылады?
Құрметті Әсел! Сіздің сұрағыңыз бойынша қызыл диплом алу талаптарына сәйкес сізде Мемлекеттік емтихандарды және диплом жобасын тек «үздік» бағамен қорғауыңыз қажет. Сонымен қатар, барлық оқу жыл барысында «қанағаттанарлық» бағаның болмауы, барлық оқу жыл барысында бағаны түзету, көтеру мақсатында «қайта тапсыру емтихан парақшаларының» болмауы, барлық оқу жыл барысындағы сабақ үлгерімінің GPA баллы – 3,5 жоғары болуы қажет.
10/11/13, 23:33
Тастемірова Ділдаш Есенқызы
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қояр сұрағым биокорпустағы асхана жайлы болмақ! Өткен жылғы асхана қызметі және студенттермен қарым-қатынасы жақсы еді! Биылғы жылғы асхана қызметшілерінің мәдениеті төмен,студенттермен қарым-қатынас барысында дөрекілік танытады және баяу қимылдап,кезекте көп тұрып, дәрістерге үлгере алмай қалатын жағдайларымыз көп! Сізден өтінеріміз осы жағдайды ретке келтірсеңіз екен! Сізге РАҚМЕТ!
Құрметті Ділдәш! Университет басшылығы асхана мәселесіне қатысты сұрақтарды үнемі қадалағап отырады. Қазіргі уақытта студенттік асханалардың санын көбейту мәселесі қарастырылуда. Сіздіңіз өтінішіңіз бойынша жалға алушылар тарапынан орын алған кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды. Дегенмен кезекті болдырмауға студенттер де көмектесуі керек.