Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/26/14, 17:33
Baizhanova Meruert Kaldybai kyzy
Salemetsizderme? Men O.K.O MKTU-da ekonomika fakultetinin 3 kursina ottim. Sizderdin oku orindarinizga auissam dep edim? Auisuga boladi ma? Sizderde jildik oku akisi kanwa tenge? Aldin ala RAHMET!
Құрметті Меруерт! Біздің университетке ауысу мәселеңіз бойынша экономикалық факультеттің деканатымен байланысуыңызды сұраймын. Байланыс телефондары: 8(7172) 31-75-66, 39-76-07.
7/25/14, 17:15
Анель Сапарова Сапарқызы
Сәлеметсізбе ректор мырза! .Биыл КТА-га қатысып 88-бал алдым,тандау пәнім физика тарих-25 физика-14 математика-24 қазақ тілі-25 менын архитектура мамандыгына грантка түсуіме мүмкіндігым бар ма?
Құрметті Анель! Университетіміздің Сәулет немесе Дизайн (шығармашылық мамандықтар) мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер екі шығармашылық емтихан (Сурет және Сызу) тапсырады. ҰБТ пәндерінен 2 пән алынады: Қазақстан тарихы мен қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі). Барлық пәндерді (Сурет, Сызу, Қазақстан тарихы және тіл) қосқанда мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс. Шығармашылық емтихан бойынша 10-25 балл аралығында жинаса ғана тапсырылған болып есептеледі. Сондықтан талапкер жеткілікті деңгейде дайындықпен келуі тиіс, кез келген талапкер арнайы даындығы болмаса өте алмайды. Шығармашылық мамандыққа өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданды. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2 шілдеден 7 шілдеге дейін жүргізілген.
7/24/14, 15:32
Орынбеков Ғалымжан Әбдісейітұлы
Ассалаумағалейкум,Ақылбек Қажығұлұлы.Менің сізге сұрағым інім биыл ҰБТ тапсырған еді.Толық 72 балл жинады, орыс тілінсіз 7о балл.Орыс тілінен 2 балл жинап қалды. Ол 2 балл 2 деген баға екен.2 деген баға алғанмен оқуға грантқа түсуге мүмкіндігі бар ма? Таңдау пәні физика. Сол сіздің университетіңіздің қандай мамандықтарына түсе алады. Алдын-ала РАХМЕТ!!!
Құрметті Ғалымжан! Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларына сәйкес: 37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестiлеу нәтижелерi бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттiк немесе орыс тiлiнен (оқу тiлi), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтар тобы бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішiнде бейiндi пәннен кемiнде 7 балл (әрбiр шығармашылық емтихан бойынша кемiнде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемiнде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешендi тестiлеуге қатысушылар қабылданады. 38. ҰБТ немесе кешендi тестiлеу шеңберiнде тапсырылған пәндердiң бiреуiнен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негiзде оқуға қабылдануына немесе бiлiм беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берiлмейдi.
7/23/14, 23:11
Машрабов Нартай Сапарулы
Ассаламу алейкум Акылбек Курiшбаев мырза! Менiн сiзге кояр сурагым: Мен осы жылы \"Шымкент аграрлык колледжiнде\", \"Орман шаруашылыгы\" мамандыгы бойынша диплом алдым. Кешегi кешендi тестiлеу бойынша 79 балл алдым. Тандау панiм География. Осы баллмен сiздердiн универиситеттерiнiзге бiтiрген мамандыгым бойынша грантка тусуге мумкiндiк барма? Рахмет!
Құрметті Нартай! Университетіміздің мамандықтары www.kazatu.kz ресми сайтымызда, «Талапкер» бөлімінде көрсетілген, ол жерде мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері де нақты айқындалған. Биылдан бастап университет қысқартылған бағдарлама бойынша (күндізгі оқу түрі болсын, сырттай оқу түрі болсын) қабылдауды жүзеге асырмайды. Ал мектептен кейін абитуриенттер үшін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 77-79 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды.
7/21/14, 15:12
Ибраева Айгерим Нурбековна
Сәлеметсізбе! Мен 2014 жылы ҰБТ-ден 71 балл алдым, орыс тілінсіз 53 балл. Аттестаттын орташа балы 4,631. Бұл балмен аграрлық техника және тхнология мамандығына түсе аламба?
Құрметті Айгерим! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде «Аграрлық техника және технологиялар» мамандығы бойынша мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 67 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сіздің сұрағыңызға жауап конкурс нәтижесінде белгілі болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/18/14, 20:33
Сисен Даулет
Саламатсыз ба?Сіздің оқу орыныңызда таңдау пәні химия болған талапкерге Азық – түлік өнімдерінің технологиясы және Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)мамандықтар бар.Менің мемкеттік тапсырыс бойынша бұл мамандықтарға 210,220 грант бөлінген.Сіздің оқу орынға осы гранттардан белгілі пайызы бөліне ме? Осы туралы білгім келген.Жауабыңыз үшін алдын ала рахмет.
Құрметті Даулет! Жылда аталған мамандықтардан мемлекеттен бөлінген гранттардың жалпы санына (250 орын) біздің университеттің үлесіне кем дегенде 50-60 грант тағайындалды. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru