Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/19/15, 18:09
Байтұр Қуандық Мұңалбайұлы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев! Мен ЖОО на ТКТ-ден аз балл жинап түсе алмай қалдым. Сізден сұрарым енді басқа қандай вариант бар? Кай уақытта қайта тапсыруга болады және таңдау пәннен қанша жинау керек?
Құрметті Қуандық! ҰБТ немесе кешенді тестілеу бойынша 50 балл жинамаған талапкерлер жоғары оқу орындарына қабылданбайды.
7/16/15, 12:33
Койлыбаева Жанылхан Сағындық қызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Кажыгулулы! Мен сізден сұрайын дегенім інім биыл Геодезия мамандығына тапсырайын деп еді. Інім тамыз айының 10-25аралыгында отбасы жағдайымен қалада болмайтындыктан, құжаттарын озим тапсырсам боладыма, Озим осында КСиПО факультеттетинде 3курста окимын
Құрметті Жанылхан! Құжаттарды сенім хат арқылы тапсыра аласыз.
7/11/15, 00:10
Гауанов Габиден Заманович
Саламатсызба, құрметті Ахылбек Кажыгулович!! Сізге кояйын деген сұрағым: аскери кафедрага откендердин тизими кашан белгили болады екен? Мен 1 курс битирдим норматив барин жаксы тапсырдым енди соган оттiкпе жокпа сонын тизимин кашан шыгарады екен? Назар аударғаныңызға Рахмет!
Кұрметті Ғабиден Заманұлы! Әскери кафедраға өткендердің тізімі тамыз айының аяғында белгілі болады.
7/7/15, 17:11
Аскарбаев Арыстан Әжібайұлы
Қайталау. Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Менің ұлым Әкежан Ажибаев Сіздің университетіңізде Энергетикалық факультетінде «Радиотехника Электроника және Телекоммуникация» мамандығы бойынша 1-ші курсты (полиязычный тобында) аяқтап келеді. Балам мектепті жаксы бітірген, үш 4 (төрт) бағасы, қалғаны 5, 5-ші пән физиканы таңдаған еді. ЕНТ-да 95 балл алып \"грант\" бойынша түсемай қалды. Әкежан мектепте оқып жүріп ағылшын тіліне қатысып IELTS-тан 7 (жеті) балл алып шыққан. Ағылшын тілімен еркін сөйлейді. 1-ші курс сессиясын жаксы бағалармен тапсырды Сізден оқу ережелер бойынша, 2-ші курстан бастап Университет өнімділігі бойынша, Әкежанды грант оқытуына ауысыун қарастырып берсеңіздеп өтінемін. Себебі, Астанада түрып жатқан үйіміз 2010 жылы ипотекаға алыныбеді, өзім, әскери қызметінде 21 жыл атқарып, 2012 жылы, жас шегі жеттіумен, денсаулығыма байланысты әсери қатарынан \"запасқа\" шыққан болатым. Осы жылы кіші ұлымызда 9-ғыз бітіріп Заң коледжіне дайындалып жүр. Жолдасымда мемлекет қызметкер (эксперт), денсаулығымен «Эндокринология» жағынан есепте турады. Екеуіміздің тауып жатқан жалақымыз осы баламыздың оқуына, ипотека, кредиттарға зорға жеткіземіз. Осыған байланысты, Сізден жоғарыда айтылған өтінішмді қарастырып беруіңізге сүраймын. Болашақта баламыз, Сіздің Университетіңіздің Мақтаныш Түлегі болатын екеніне сенімдімін. Назар аударғаныңызға Рахмет! А.Аскарбаев 2015ж.05.22
Құрметті Арыстан Әжібайұлы! Келісім - шарт негізінде оқитын студенттер босаған мемлекеттік білім беру грантына үміткер бола алады. Университет бойынша босаған гранттарға үміткерлер тек GPA жоғарылығына байланысты қаралады. Дегенмен дәл қазір 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша 2-курсқа босаған грант жоқ. Қосымша мәліметтер бойынша энергетикалық факультет деканатына 31-75-26 және тіркеуші кеңсесіне 39-75-08 телефондары арқылы хабарласуыңызға болады.
7/4/15, 18:10
Ибраев Серик Ерикулы
Саламатсызба, құрметті Ахылбек Кажыгулович!! Сізге кояйын деген сұрағым: Мен, Еуразия ұлттық университеті, жаратылыстану ғылымдары факультеті, гидрология мамандығын аяқтадым жане КазАТУ-ға архитектура мамандығы бойынша магистратураға тапсырғым келеді. Басқа мамандықты бітіре отырып, келесі мамандыққа тапсыру мүмкін бе? Мүмкін болса жылына архитектура мамандығына қанша грант бөлінеді жəне ақылы оқысам оқу ақысы қанша тұрады?
Құрметті Серік Ерікұлы! ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішінің 8 тарауында көрсетілгендей «Гидрология» мамандығы «Жаратылыстану ғылымдары» бағытына, ал «Сәулет» мамандығы «Өнер» бағытына жататын болғандықтан, Сіз бұл мамандық бойынша магистратураға тапсыра алмайсыз. Жалпы «Сәулет» мамандығы бойынша Білім және ғылым министрлігі жыл сайын 4-6 грант бөледі, оқу ақысы 396 000 теңге. Қосымша мәлімет қажет болған жағдайда мына телефондарға хабарласуыңызға болады: 38-61-53; 31-75-56.
7/4/15, 17:02
Бекболатова Асема Ерғалиқызы
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы? Сұрайын дегенім мен ҰБТ-дан 100 балл, орыс тілсіз 84 балл жинадым. Таңдау пəнім биология. Биотехнология мамандығына түсе аламын ба? Немесе қандай мамандыққа түсуіге мүмкіндігім бар?
Құрметті Әсем! Әр мамандық бойынша мемлекеттік білім граттарына өтпелі балл конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. Сондықтан белгілі бал мөлшерімен өтесіз не өтпейсіз деп ешкім нақты жауап бере алмайды.