Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/19/12, 08:05
Рахметова Айгерим
Кайырлы кун! Меніѕ есімім Айгерім, био факультетінде оќимын, 3 курс студенті. Меніѕ ќояр сїраєым оќудыѕ аќысы жайлы. Неге оќудын аќысы 100% сессияєа дейін тґлену керек?! Бірінші 50% бірінші жартысындаєы сессияєа тґйлесек ґте жаќсы болар еді!
Құрметті Айгерим! Шығындардың толық қайтарымымен бакалаврларды мақсатты дайындау келісім-шартының (күндізгі оқыту) 2.3.5 тармағына сәйкес күндізгі оқу бөліміне түскен жағдайда жыл сайынғы оқу ақысын екіге бөліп төлеуге болады, яғни; 50% - ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін, 50% - қысқы емтихан сессиясы басталғанға дейін.
9/17/12, 13:56
Aidos
Salemetsizbe kurmetti rektor mirza! Sizge koiar suragim men biltir 1-wi kursta askeri kafedraga tuse almadim biil 2 kursta biltirgi bosagan orindarga nemese biilgi 2012-2013 oku jilina askeri kafedraga bolinetin orindarga tusuime mumkindik barma eger tusuime mumkindik bolsa kandai kujattar kajet!suragima tolik kandi jauap beruinizdi suraimin aldin ala rahmet!
Құрметті Айдос! Сіз іріктеуге әлдеқашан қатысып және іріктеу комиссиясы шешімімен қабылданбауыңызға байланысты Сіздің келесі оқу жылына әскери кафедраға іріктеуге қайтадан қатысуға құқығыңыз жоқ.
9/15/12, 12:45
Төлеген Жомарт
програмис мамандигинатүсу үшін қанша бал жинау қажет
Құрметті Жомарт! Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен бекітілген және 2010 жылғы 9 шілдедегі № 365 және 2011 жылғы 30 мамырдағы шілдедегі № 365 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске қасыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінің» 3 тарауының 13 тармағына сәйкес магистратура оқуға түсуші азаматтар түсу емтихандарын шет тілі (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша тапсырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» туралы ережесінің 4 тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға түсу үшін тапсыратын емтихандардың қосындысы 150 балдан кем болмауы тиіс. Сіз «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша келесі жылы біздің университетте оқуға түсе аласыз. Магистратураға түсу туралы ақпаратты университет сайтынан www.agun.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
9/13/12, 13:01
марат
менің сізге қояр сұрағым мен астанада казеуде окимын .онда военный кафедра жок. катудың военный кафедрасынан өту мүмкіндігім бар ма. алдын ала рахмет
Құрметті Марат! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 Қаулысының 37 тармағына сәйкес әскери кафедраларда оқу үшін сол әскери дайындық жүріп жатқан ЖОО ректоры Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Білім және ғылым министрлігінің келісімімен, бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, әскери кафедралары жоқ, бірақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар басқа ЖОО студенттерін қабылдай алады. Әскери кафедраға түсу үшін іріктеу 1 курстың 1 семестрінде өткізіледі, ал екінші семестрден бастап оқу басталады.
9/12/12, 15:41
Сауле
Салеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен экономика факультетінің студентімін. Сізге кояр сұрағым біздің оқу кестемізді 5 кундікке ауыстыруға болады ма?
Құрметті Сәуле! Аудиториялардың толып кетуіне байланысты тек 9, 10 сабақтар бос. Сондықтан, Сіз толық оқу апталығында оқисыз.
9/12/12, 09:55
Сауле
Салеметсізбе Акылбек Кажыѓ±л±лы! Сізге ќояр сауалым, мен экономика факультетініњ студентімін, біздіњ оќу кестемізді 5 к‰нге ауыстыруѓа болады ма? К‰нділікті сабаќ кестеміз 3-4 пара.
Құрметті Сәуле! Аудиториялардың толып кетуіне байланысты тек 9, 10 сабақтар бос. Сондықтан, Сіз толық оқу апталығында оқисыз.