Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
10/11/13, 22:33
Тәңірбергенова Шынар
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы!Мен Биотехнология мамандығының І курс студентімін, сізге қояр сұрағым, мен ақылы түрде оқимын, бірінші семестрден кейін, грантқа ауысуға мүмкіндіктер бол ма? Егер менин сабагым 5-4 болған жағдайда! Алдын ала рахмет!
Құрметті Шынар! Сіздің курсыңызда мамандығыңыз бойынша білім гранты негізінде оқитын студент оқудан шығарылған жағдайда, Сіз осы босаған орынға белгіленген тәртіппен конкурстық негізде құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім гранттарын тағайындау туралы университеттің ішкі Ережесіне сәйкес (СМЖ 11010.24-2012) бос білім гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А-(«үздік»), содан соң А, А-(«үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. Демек, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау тәртібі барлық оқу кезеңіндегі оқу үлгерімінің көрсеткішіне байланысты.
10/9/13, 09:18
Жанар
Саламатсізба?! Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы сізге университет басшылығына алғысымды білдірем. Университет студенттеріне жасап жатқан іс-шараларыңызға рахмет! Рұқсат болса,сізге сұрақ қойсам. Аралық бақылау және сессия қашан басталады? Және 1 семестр қай уақытта бітеді? Рахмет көп-көп!Сау болыңыз!
Құрметті Жанар! Бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес бірінші аралық бақылау- 21.10.2013ж.-26.10.2013ж. аралығында, екінші аралық бақылау- 09.12.2013ж.-13.12.2013ж. өткізіледі, ал қысқы емтихан сессиясы 16.12.2013ж.- 03.01.2014 ж. аралығында болады.
10/5/13, 14:19
2b
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен 1курс энергетикалық факультетінің студентімін.Маған университет,жатақхана үнады!Тәртіп,тазалық барлық жағы Жайнагүл Айтмағанбетқызының арқасында екені көрініп тұр.Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!Өзім 2б жатақханасының тұрғынымын!ночком Ақерке өте қатты қатал. Күлгенін көрмеппін.23:00 ден кейін сөйлесуге,басқа бөлмеден дәптер сұрауға тіпті демалуға да қорқамыз..Түрмеде жүрген сияқтымыз.Сол жағын қарастыра аласыз ба?
Құрметті студент! Атыңызды бүркемелеп хат жазуыңыз өкінішті. Мақсат қойып С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехнкиалық университетіне түскеннен кейін, оқу орнының беделін көтеруге әр студент үлес қосу керек. Бұл жерде жатақхана – сіздің екінші үйіңіз, ал түнгі комендант – сіздің жақыныңыз. Студенттік шақ бір үйдің баласындай татулықта өмір сүріп, қызықты естеліктерді айтып отыруымен ыстық болмақ. Сондықтан, шағымдану сияқты жаман әдеттен аулақ болып, тіл табысуыңызға тілектеспін.
10/5/13, 02:55
ТҰРЛЫБАЕВ АБАЙ
МЕН ЖАТАХАНАДАН 2 ДАКЛАДНОЙ АЛЫП ШЫҒЫП КЕТІМ БІРІНШІ ДАКЛАДНОЙДЫ САҒАТ 11 ДЕН СОН ЕСІК ТАҚЫЛТАТЫП ТҰРҒАНЫМЫ , ЕКІНШІ ДАКЛАДНОЙДЫ САҒАТ 11 ДЕН СОН БАСҚА КОМТАҒА КІРГЕНІМЕ АЛДЫМ СОЛ СЕБЕПТІ ЖАТАХАНАДАН ШЫҒЫРДЫ МЕНІҢ ОЙЫМША БҰЛ ҚАТАҢ ЖАЗА БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ ЖӘНЕ СОНЫ ҚАЙТА ҚАРАУДЫ СҰРАЙМ
Құрметті Абай! Жатақханадан орын алу – сізге берілген үлкен мүмкіндік, Жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерін сақтап, сол мүмкіндікті бағалау - әр студенттің міндеті. Және алдын ала жүргізілген жұмыстар бойынша Сіз жатақханадан орын аларда, Ережемен толық танысып, қол қойыпсыз. Екіншіден, бір рет ескерту алған студент ойланып қадам жасауы керек. Өйткені өзін өзі басқару құқығына ие Студенттік кеңестің шешімі маңызды әрі қайта қаралмайды.
10/2/13, 20:25
Оразқұл Жанболат Әбілханұлы
Сәлеметсіз бе? Ақылбек Қажығұлұлы сізге тілерім ең алдымен зор денсаулық,ұзақ өмір,отбасыңызға тыныштық,бала-шағаңыздың рахатын көріп,бақыттың базарында,аллахтың назарында,әрдайім жүзіңізден күлкі кетпесін. Сізге қояр өтінішім біздер студенттік емханаға барғанда тіркеу бөліміндегі апай біздерге дұрыс жауап бермейді, қатты дауыс көтеріп сөйлейді. Ал дәрігерлерге келсек оларға алғысымыз шексіз біздің денсаулығымызды жақсы тексереді. Осы өтішімді ескересіз деген ойдамын!
Сәлеметсіз бе, Жанболат! Айтқан жылы пікіріңіз үшін рахмет, мен үшін әр студенттің пікірі маңызды. Университетімізде ашылған Студенттік емхана барлығымыз үшін мақтаныш. Сіздер бұрындағыдай алыс емханаларға барып қиналмау үшін оқу орнындағы барлық мүмкіндікті пайдаланып, осы емдеу орталығын аштық. Ал тіркеу бөліміндегі орын алған кемшіліктер туралы лаборант Б.Рахымбетоваға ескерту берілді. Ал біздің студенттер көпшілік орында өздерін әрқашан мәдениетті, сыпайы ұстайды деген сенімдемін.
9/24/13, 21:13
Абдуов Аман
Сәлеметсізбе! Келе жатқан құрбан айт мерекесіне қанша күн демалыс беріледі?
Құрметті Аман! Келе жатқан Құрбан айт меркесіне орай 15.10.13 күні демалыс беріледі.