Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/16/14, 13:30
Аупах Мөлдір Ақжайыққызы
Сәлеметсізбе ректор мырза! Қасиетті Рамазан айы мубарак болсын! Сіздің отбасыңызға амандық және Сіз басқарып отырған әйгілі біздің, менің университетіме білім беруде алдыңғы қатарда болуын тілеймін! Мен Сәулет факультетінің 3 курс студентімін.Бүгінде мені мазалаған: алдағы 2014-2015 оқу жылының оқу ақысын қалай төлеймін?! 2 жыл ата-анамның тапқан қаражатымен төлеп оқыдым!Әкем ауылда сазмектебінің қара жұмысшысы, Анам биыл зейнетке шығып, мұғалімдік жұмысынан босады. Сіңлім Орал университетінің ендігі 2 курс студентті. Екеумізде ақылы бөлімде білім аламыз! Менің оқуымның ақысы биыл 400 мыңнан асты. Оны төлеуде Ата-анамныңда, басқа туыс-тумаларымныңда, өзімнің жаз бойы еңбектенген қаражатымда жеткіліксіз болып отыр. Оқу ақысын төлеуде осы оқуымның соңғы жылында университет бюджетінен немесе басқада мемлекеттік және жеке мекемелер тарапынан көмек болама екен?! Оқуымды кейінге қалдырмай аяқтап алайын деп едім! Алла разылығын тілей отырып, Сіздерден үлкен көмек күтемін!Сауболыңыз!
Құрметті Мөлдір! Университеттің таза табысынан бөлініп келген ректор гранты 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап тоқтатылғанын болатын. Сол себепті университет тарапынан оқу ақысына жеңілдік беруге мүмкіндігіміз жоқ. Ақылы негізінде оқитын студенттерге оқу ақысын төлеу қиынға түссе, оқитын факультеттерінің деканатына өздеріне ыңғайлы төлем жүргізу кестесін беру туралы өтініш жазуларына болады. Қосымша мәліметтер бойынша өзіңіз оқитын деканатқа хабарласуыңызды сұраймын.
7/16/14, 13:16
Досанова Әсел Жанатқызы
Сәлеметсізбе ректор мырза! мен биылғы 2014 жылдың түлегімін. ҰБТ-дан 107 балл,орыс тілісіз 86 балл жинадым, тандау мәнім-география.Осындай көрсеткішпен сіздін университетіңізге грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма? және қандай мамандыққа?
Құрметті Әсел! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып таьбылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556
7/15/14, 17:39
Шапиханова Айым Айдынкызы
Салеметсизба Ректор мырза! Мен биылғы ҰБТ-дан барлығы 82 балл алдым, орыс тілінсіз 70. Таңдау пәнім биология. Сіз басшылық етіп отырған оқу орнына грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма??? Жауабыңызға алдын ала рахмет!
Құрметті Айым! Университетіміздің таңдау пәні билогия болып табылатын мамандықтарымыз: Биотехнология, Агрономия, Мал шаруашылығ өнімдерін өндіру технологиясы, Топырақтану және агрохимия, Аңшылықтану және аң шаруашлығы, Балық шаруашлығы және өнеркәсіптік балық аулау, Өсімдік қорғау және карантин, Ветеринарлық медицина, Ветеринарлық санитария. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде осы көрсетілген мамандықтарымыз бойынша мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 73-87 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/15/14, 17:26
ғаділова арай нұрланқызы
география панин тандаганда сиздердин университеттеринизде кандай мамандыктар бар? 72 баллмен орыс тилилн алып тастаганда грантка мумкиндик барма?
Құрметті Арай! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып таьбылатын ҚР Білім джәне ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз.
7/15/14, 00:03
Әшім Асылжан Ерлан
Саламатсыз ба! Ректор мырма мен 2014ж түлек едім.Биыл ҰБТ-ге қатысып 78-бал алдым,оның ішінен орыс-тилин алып тастағанда 68-бал болып тұр,тандау пәнім физика, Осы балмен сіздердің университеттеріңізге қандай мамандыққа түсуге мүмкіндік бар.
Құрметті Асылжан! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш 23 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау нәтижелері 10-ші және 12-ші тамыз аралығында белгілі болады. Оқудың барлық түрлері бойынша талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-ші және 25-ші тамыз аралығында жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюорография. • жеке күәлік немесе паспорт көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/14/14, 15:58
Муханова Айгерим Оралбай кызы
Бейімделіу пәні математикаға қандай факультеттер немесе мамандықтар бар? Менде УБТ-дан: физика-17 математика-22 қазақ тілі-21 мен есептеу техникасы жане багдарламалык камтамасыз ету мамандыгына (КСиПО факультети) грантка түсуіме мүмкіндік бар ма? Жане менде ауылдық квота болады ма қалай?
Құрметті Әйгерім! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш 23 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау нәтижелері 10-ші және 12-ші тамыз аралығында белгілі болады. Оқудың барлық түрлері бойынша талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-ші және 25-ші тамыз аралығында жүзеге асырылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556