Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/2/15, 00:47
Кенжалы Бекзат Сералы
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы. Сиздерде шет тилдер факультети бар ма?
Құрметті Бекзат! Университетте гуманитарлық мамандықтар бойынша дайындық жүзеге асырылмайды.
7/1/15, 20:51
Алтынбаев Ернур Ерболулы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы, менің сізге қояр сұрағым бар еді, мен ҰБТ-дан орыс тілінсіз 71 (88) балл жинадым, таңдау пәнім география. Математика - 14, География -22 балл жинадым. Сіздің оқу орныңызға түсуге мүмкіндігім бар ма? Алдын-ала рахмет!
Құрметті Ернұр! Әр мамандық бойынша мемлекеттік білім граттарына өтпелі балл конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. Сондықтан белгілі бал мөлшерімен өтесіз не өтпейсіз деп ешкім нақты жауап бере алмайды.
6/30/15, 14:26
Сейдімхан Бексұлтан Мыңжасарұлы
Сәлеметсіз бе!!! Мен биыл ҰБТ- тапсырып 85 балл алдым. Орыс группада оқимын. Казак тілінсиз 66 балл. Таңдау пәнім Биология. Сіздің Университетке кай мамандықтар бойынша грантқа түсу мүмкіндігім бар. 87479118330 осы номерге хабарласып айтуыңызды өтінемін.
Құрметті Бексұлтан! Әр мамандық бойынша мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады. Сондықтан белгілі бал мөлшерімен өтесіз не өтпейсіз деп ешкім нақты жауап бере алмайды.
6/30/15, 10:35
Әуелханов Айдос
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы! Менің сұрағым, стипендия неге повышка алатындарға 14848 түсті 19258 түсудің орнына және неге дорожка түспеді? Рахмет
Құрметті Айдос! 28 ақпан 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қосымшаға сәйкес №266 23 тармақ: мемлекеттік шәкіртақы төлеу мәселесі бойынша бітіру туралы бұйрық шыққан күннен бастап тоқтатылады. Осыған байланысты, сіз 2015 жылдың маусым айына бұрынғыдай есептелген 30 күнге емес, яғни 23 күнге алдыңыз. 2005 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес №736 5-тармақ: жоғары оқу орындарында, түлектерге саяхат үшін өтемақы - жылына бір рет төленеді. Сізге өтемақы қысқы демалыс кезінде төленген.
6/29/15, 18:42
Шакиманова Назерке Майданбековна
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы.2015-2016 жылғы оқу ақысы деволивацияға байланысты өзгердіме? жəне 5B070100--Биотехнология мамандығы бойынша ҰБТ балы без русского языка грандқа түсу үшін қанша болу керек? Немесе осы мамандық бойынша оқу ақысы қанша? Рахмет!!!
Құрметті Назерке! «5В070100-Биотехнология» мамандығы бойынша өткен жылы 88 баллмен грант иегері атанды. Оқудың жылдық төлем ақысы 346 600 теңге. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, ф.063, флюорография • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. №530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8 (7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/28/15, 01:03
Нұрғалиев Жұбатхан Ерланұлы
Мен 1-курс студентімін. ҚазАТУ-ға кешенді тест арқылы \"Сәулет\" мамандығына түспекшімін. Тек бір мәселе: тестілеу нəтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификатын менің оқу орнымда қайтармай жатыр. Шығармашылық емтиханға міндетті түрде ҰБТ сертификатының түпнұсқасы керек пе? Оның орнына куәландырылған (нотариус) көшірмесі жарай бере ме?
Құрметті Жұбатқан! Сіздің өткен жылы тапсырған ҰБТ нәтижесі биылға жарамайды. «Сәулет» мамандығына түсу үшін біріншіден шығармашылық емтихан тапсырасыз, екіншіден кешенді тестілеуден өту керексіз. Шығармашылық мамандыққа өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2 шілдеден 7 шілдеге дейін жүргізіледі. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, ф.063, флюорография • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8 (7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.